Сұрақтар-жауаптар - Су есептегіш құралдары (3)
12.06.2014 (сұрақтың нөмірі 480)
сұрақ қойылды: Махмут Орынбасар АбдуллаулыСұрақ: Мен сіздердің сайттарыңызға тіркелуге тілек білдірдім. Соңғы 3 айда төлем жүгізбедім себебі су өлшуішінің түбіртегі түсініксіз. Түбіртекте 1 куб қанша сомма екені көрсетілмеген. Сонғы түбіртек бойынша 1178 тенге келді. 4куб су мөлшеріне тиіспін. Неге сонша үлкен төлемдер жазылады. Мен төлемді homebank.kz сайты арқылы төлеймін. Жұмыстан сұранып баруға мүмкіндік жоқ.
Сұрақ:
Жоғарыда айтылған мәселелер бойынша мәліметті алу, соны шешу үшін қандай көмек бере аласыздар ?
Соңғы түбіртек қосымшада.
Жауап: Құрметті Орынбасар Абуллаұлы! Сізге ұсынылған мамыр айының түбіртегінде 2135теңге жалпы су өлшегіш құралымен, 1178 теңге ыстық судың ағын суының қарызы көрсетілген. Барлығы 3313теңгені құрайды. Сіздің соңғы homebank.kz сайты арқылы төлеген төлемдеріңіз 3315 теңге мен 2800теңге сіздің бет есебіңізге жеке су өлшегіш құралымен пайдаланған ауыз су төлем ақысы ретінде түскен. Бүгінгі күнге 3315 теңгенің 2135теңгесі жалпы су өлшегіш құралының, 1180 теңгесі ыстық судың ағын суының қарызына аударылды. homebank.kz сайты арқылы төлем жүргізгенде төлем түрлерін дұрыс көрсетуіңізді сұраймыз. 17 маусымға сіздің бет есебіңізде 1009теңге жеке су өлшегіш құралымен артық төлем төленген. Халықпен жұмыс істеу бөлімі бастығы Әлімқұлов О.Б.
барлық дауыс: 5151
дауыс мұрағаты