Сұрақтар-жауаптар - Басқа (12)
11.09.2014 (сұрақтың нөмірі 549)
сұрақ қойылды: Изенова Салтанат БакытжанкызыСұрақ: Мен қайтпас-2 "Ак жайык" мкр тургынымын.Бізде 1 аптадан бери су жок.Былтыр да осы мәселе туралы сиздерге жазған болатынмын. Унеми суды оширип жатады, не ушин оширгендерин сурау ушин звондасак не телефондарын алмайды.Оздериниз 1 апта емес, 1кун сусыз отырып кориниздерши.Су проблемасынан Кашан кутыламыз?
Жауап: С.Б. Изенова ханымға Сіздің WEB сайтқа ауыз судың жоқтығы туралы жазған хатыңызға; Қайтпас – 2 елді мекеніне, қалалық әкімшіліктің тапсырысымен мемлекеттің қаржысына су құбырын жүргізген. Тапсырма беруші қалалық тұрғын үй коммуналдық – шаруашылық бөлімі, мердігер «Энергостройсервис – 2010» ЖШС – гі. Мердігер сапасыз құбыр салғандықтан күнәра жарылып, ауыз су беруді тоқтатып жатыр. Бұл мәселені түбегейлі шешу үшін қалалық тұрғын үй коммуналдық – шаруашылық бөліміне хабарласыңыздар. Мердігер сапасыз құбырды ауыстыру керек. “Су ресурстары – Маркетинг” ЖШС – нің ешқандай қатысы жоқ. Бас директор А. Орман Орын: Қ. Асырауов Тел: 32-35-74
барлық дауыс: 5707
дауыс мұрағаты