Итоги внутреннего аудита | Су Ресурстары Маркетинг (СРМ)
русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Есептер -- Ішкі аудит қорытындысы


Бекітемін
«Су ресурстары-Маркетинг»ЖШС
бас директоры
________________А.О.Орман
«25» шілде 2024ж.

«Су ресурстары - Маркетинг» ЖШС-де 10.06.2024ж. - 19.06.2024ж. аралығында
БМЖ-нің ішкі аудиті мен екінші Тараптың аудитін өткізу туралы
Есеп

Есептің құрылымы:
1. Ішкі аудит нәтижелері.
    1.1.Ішкі аудит сәйкессіздіктері. Түзету.
2. Түзету әрекеттері және қызметті жақсарту.
3. Қорытынды.

1. Ішкі аудит нәтижелері
2024 жылға арналған бекітілген аудит жүргізу жоспарына сәйкес, 2024 жылғы 10-14 маусым аралығында "Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС бөлімшелерінде біріктірілген менеджмент жүйесінің (бұдан әрі-БМЖ) ішкі аудиті және аутсорсингтік компанияларда 17.06.2024 - 19.06.2024 ж.ж. аралығында екінші Тараптың аудиті жүргізілді. Аудиттердің мақсаты «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС (бұдан әрі Серіктестік) серіктестік бөлімшелерінде сапа менеджменті, экологиялық менеджмент және кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджменті жүйелерінің: ИСО 9001:2015, ИСО 14001:2015 және ИСО 45001:2018 халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкестігін және аутсорсингтік компаниялардың осы талаптарды орындау дәрежесін растау болып табылады.
Аудит барысында Серіктестіктің 17 бөлімшесі мен 11 аутсорсингтік ұйым тексерілді. Сәйкессіздіктер туралы ішкі аудиттің 7 хаттамасы ресімделді.
Есеп жасалған күнгі жағдай бойынша 01.08.2023 ж. сәйкессіздік туралы 7 Ішкі аудит хаттамасы орындалды.

1.1. Ішкі аудит бойынша сәйкессіздіктер. Түзету.
Сапа менеджменті жүйесі бойынша – 4 сәйкессіздік

ИСО 9001:2015 Халықаралық стандартының 8.1.е т. - ӨТБ - Операциялық жоспарлау және басқару - 1 сәйкессіздік
ИСО 9001:2015 Халықаралық стандартының 8.4.2а т. - 8.4.2 т. ӨТБ - Бақылау түрі мен дәрежесі - 1 сәйкессізік
ИСО 9001:2015 Халықаралық сатндартының 8.5.1а т. және 7.1.5.2т. - Тассай су қабылдағышында- Өлшеуді қадағалау - 1 сәйкессіздік
ИСО 9001:2015 Халықаралық стандартының 8.7.1.т. - КҚжСБ - Сәйкес емес нәтижелерді басқару - 1 сәйкессіздік.

Кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджменті жүйесі бойынша-3 сәйкессіздік.
ИСО 45001-20018 8.1.1. с т. – Көмеш-Бұлақ су қабылдағышында- Жұмысты жоспарлау және басқару. Жалпы ережелер - 1 сәйкессіздік.
ИСО 45001-20018 8.1.2. е т. – Көмеш-Бұлақ су қабылдағышында- КҚД қауіптерін жою және тәуекелдерін азайту - 1сәйкессіздік.
ИСО 45001-20018 8.2т. – Қаратау ауданы бойынша су құбыры желілерін пайдалану бойынша қосалқы мердігерлік ұйымда - Төтенше жағдайларға дайындық және оларға ден қою – 1 сәйкессіздік.

Жоғарыда көрсетілген барлық сәйкессіздіктерді түзету белгіленген мерзімде орындалды.

2. Түзету әрекеттері және қызметті жақсарту.
Ішкі аудит нәтижелері бойынша 15.07.2024 ж. № 158-П бұйрық шығарылды, оған сәйкес ұйғарылды:
1. Сапаны басқару бөлімі Н. Т. Акимов тоқсан сайын Өндірістік-техникалық бөлімімен су құбыры және кәріз жүйелерін ЖААТ және ЖААЖ орындалуына бақылау жүргізу бойынша жазбалардың болуын тексерсін.
2. ӨТБ бастығы мен КҚжСБ бастығы алдағы кезеңге арналған өндірістік жоспарларды әзірлеу кезінде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін қайта құруға, жаңартуға, техникалық қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуге іс-шараларды енгізу жөніндегі негіздемелік жазбаларды жинақтауды қамтамасыз етсін.
3. ЕҚ және ТҚ бойынша жетекші инженер КҚжДМЖ талаптарын орындау бойынша барлық пайдалану учаскелерді, оның ішінде ЕҚ және ТҚ бойынша және наряд-рұқсаттар журналдарында жазбалар жүргізу бойынша кемінде бір рет жартыжылдықта тексерулерді жоспарласын.
4. Инженер-эколог «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-де өндірістік қалдықтарды басқару жүйесін жөндесін, атап айтқанда әрбір учаске бойынша қалдықтардың нақты тізбесін, оларды уақытша сақтау және кәдеге жарату тәсілдерін (ПЭМ-002) айқындасын. Бөлімше басшыларымен түсіндіру жұмыстарын және өндірістік учаскелер мен мердігерлік ұйымдардың ПЭМ-002 қалдықтарын басқару рәсімінің орындалуы бойынша мерзімді тексерулерді жоспарлауды жүргізсін.
Аудит барысында қызметті жақсарту бойынша іс-шаралар өткізілді:
- ӨТБ және инженерлік желілер мен құрылыстарды жобалау бөлімінің лауазымдық нұсқаулықтары түзетілді;
- Регламенттер талаптарына сәйкес су қабылдағыштар мен пайдалану учаскелеріндегі өндірістік журналдардағы жазбалар түзетілді және толықтырылды;
- су қабылдағыш құрылғыларында ұңғымалардың төл құжаттарын жаңарту жоспарланған;
- бөлімнің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес сапаны басқару бөлімінің құжаттамасы қалыптасты;
-Серіктестік бөлімшелеріне ішкі өндірістік-экологиялық бақылау жүргізу кестесі әзірленді;
- өндірістік учаскелерде өндірістік қалдықтарды сақтау орындары ретіне келтірілді;
- учаскелерде эвакуациялау схемалары түзетілді және өндірістік учаскелерде өрт қалқандары толықтырылды.

3. Ішкі аудит бойынша қорытынды
Қорытынды: «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-де бірінші және екінші Тараптың ішкі аудиті кезінде анықталған барлық сәйкессіздіктер елеусіз болып табылады. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-дегі біріктілген менеджмент жүйесі: ИСО 9001:2015, ИСО 14001:2015; ИСО 45001:2018 Халықаралық талаптарына сәйкес келеді, тұрақты жақсарту қағидатына сәйкес әрекет етеді және дамиды, жалпы алғанда, нәтижелі.

Есепті құрастырған: Аудит тобының жетекшісі:                            Г.А.Муртазина 
 25.07.2024ж.
«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары