Жаңалық - Пайдалы кеңестер
новость от 12.05.2020
Суға қажеттілік көптеген факторларға байланысты: адамның күнделікті тұтынатын тамақ түрі, жұмысы, денсаулығы, климат, т.б. Таңертең ояна салысымен 0,5 - 1 стакан ішкен дұрыс. Судың тәулік есебі (басқа сусындарды есепке алмағанда) ересек адам үшін: адам салмағының 1 кг-на 30-35 мл, спортшылар мен ыстық климатта тұратындар үшін 40-45 мл.
Су ішу режимі адам үшін қолайлы болуы тиіс, өзін мәжбүрлеп су ішуге болмайды. Су ішуді ұмытпас үшін оны көрінетін жерге қою қажет. Су ішуді еске түсіретін қосымшаларды телефонға жүктеп алуға болады. Сізге үйреншікті нормаға күнделікті бір - екі стаканнан қосып тұрыңыз. Осылай өзіңізді су ішу режиміне үйретіңіз. Қажет болған жағдайда ағзаның өзі "шөл" арқылы су керектігін білдіреді.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты