русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 18.05.2020

Бүгін халықаралық музей күні. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-ң бұл тақырыпта айтары да, көрсетері де бар. Мекеменің 20-жылдығына орай мұнда музей ашылған. Мекемеде мұражай болуы көптеген қонақтар мен тұтынушыларды таңқалдырады. Музейде Шымкент су арнасының құрылу мен даму тарихы толық бейнеленген.
Музей экспозициясы бірнеше бөлімнен тұрады. Тарих бұрышында келушілер суға байланысты көне заттармен танысады. Мұнда олар Түркістан маңайында қазба жұмыстары кезінде табылған көне кəріз жүйесі туралы біледі.
Мұражайда кəсіпорын жетістіктерінің белгісі ретінде көптеген республикалық жəне халықаралық марапаттар жинақталған. Мұнда мекеменің көп қырлы жұмысын бейнелейтін бай фильмотека бар. Көптеген бейнесюжеттерде қала су арнасының барлық бөлімшелері туралы ақпарат жинақталған. Музей қонақтары əсіресе екі макетке: су қабылдағыш пен тазарту қондырғысы макеттеріне үлкен қызығушылық танытады. Бұл макеттер судың оның шыққан орнынан бастап үйдегі шүмектерге дейінгі жолын көруге мүмкіндік береді.
Музейге жиі келетін қонақтар - колледж, ЖОО студенттері жəне мектеп оқушылары. Оларға дәстүрлі емес экскурсия өткізіледі. Жас ерекшеліктеріне байланысты оқушыларға викториналар, квест, басқа да қызықты ойындар ұйымдастырылады. Олар өздері ескі жəне жаңа үлгідегі су есептегіштерінің айырмашылықтарын, су техникасының түрлерін ажыратуға, суға байланысты викторина сұрақтарына жауап беруге əрекеттенеді.
Карантин аяқталған соң мұражай қала өміріндегі маңызды мекемелерінің бірі - су арнасының тарихымен танысқысы келетін əуесқой келушілерге толады деп үміттенеміз.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары