Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 29.06.2020
Шымкентте IKomek байланыс орталығы ашылды
Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша азаматтарға қызмет көрсету деңгейін арттыру және мәселелерді жүйелі шешу мақсатында iKomek байланыс орталығы ашылды.
Қала тұрғындары бірыңғай байланыс орталығына тәулік бойы 109 нөмірі бойынша қоңырау шала алады. Бұл нөмірге тұрғын үй, денсаулық сақтау, қоғамдық көлік, көше тазарту және көлік қозғалысы мәселелері бойынша қоңырау шалуға болады. Нәтижесінде онлайн режимінде қала әкімінің өкімдері мен халықтың шағымдарының орындалуын бақылауға болады.
Орталық күніне 3000 қоңырау қабылдай алады. Қажет болса, 5000 адамға дейін қызмет ете алады. Ол үшін 26 қызметкер тәулік бойы жұмыс істейді.
Сонымен қатар, iKomek орталығының WhatsApp нөмірі 87777109109 тәулік бойы жұмыс істейді.
Ағымдағы жылдың шілдесінің соңында бірыңғай дерекқордың веб-сайтына, Telegram-bot мобильді қосымшасына өтініштер қабылдау модулі іске қосылады, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты