русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары

новость от 26.08.2020

Экологиялық тәрбие және оқыту мәселелері
Қоғамдағы экологиялық сауаттылықты арттыру мәселелері бұрыннан бері Қазақстанда маңызды тақырыптардың бірі болып келеді және бұл бағыттағы жұмыс Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың балалардың экологиялық біліміне көбірек көңіл бөлу және тіпті мектептің оқу бағдарламасына сәйкес пән енгізу туралы тапсырмасынан кейін күшейе түсті.
Мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ, сарапшылар мен оқытушылардың басын қосқан Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған пікіралмасуда экологиялық білім беру мен оқыту жүйесін неғұрлым тиімді ұйымдастыру туралы әңгіме болды.
«Экологиялық білім мектептегі бір пәнмен шектелмеуі керек. Бұл қоғам өкілдерінің, сарапшылардың, мемлекеттік органдардың, мұғалімдердің, ең алдымен ата-аналардың жан-жақты жұмысы болуы керек деп санаймын. Себебі тәрбие отбасында басталады», - деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиев. Сонымен бірге, министр бұл мәселе мектеп бағдарламасына жаңа тақырыпты «механикалық» енгізу туралы ғана емес екеніне назар аударды. Балалар дамуының мазмұны, әдіснамалық аспектілер, дидактикалық мәселелер, жас ерекшеліктері, сонымен қатар экологиялық білімнің басқа пәндерге интеграциялануы қажет пе, жоқ па, оны қалай тиімді ұйымдастыру керек – осының барлығы ескерілуі қажет.
- Экологиялық білім беруді жалпы мектептегі оқу-тәрбие жұмысының контекстінде қарастырған жөн. Біз қазір мектептердегі құндылыққа бағытталған білім туралы айтып отырмыз, экологиялық білім осы жалпы тұжырымдаманың маңызды бөлігі болады, - деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов. - Сонымен қатар қосымша білімнің барлық ресурсы мен әлеуетін осы жұмысқа байланыстырып, оны бүкіл оқу кезеңінде жүйелі түрде ұйымдастыру өте маңызды. Ата-аналармен жұмыс жасаудың да маңызы зор.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары