русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Пайдалы кеңестер

новость от 01.09.2020

Жидектер қатерлі ісіктен сақтай ала ма
Дұрыс тамақтану рактың алдын алудың ең қуатты құралы болып саналады. Қатерлі ісікпен күресетін тағамдардың тізімінде бірінші орындп – жидектер.
Таңқурай.
Бұл жидек құрамында антоциандар (жидектерге қанық қызыл-күлгін түс беретін өсімдік пигменттері) көп. Сонымен қатар, таңқурайда эллаг қышқылы бар, ол ісік жасушаларының қалыптан тыс бөлінуін блоктайды. Ғалымдардың пайымдауынша, күнделікті бір кесе қара таңқурай жеу адамды өңеш пен тоқ ішек қатерлі ісігінен сақтайды.
Қара қарақат.
Қарақаттың бір даусыз артықшылығы бар – С витаминінің көп мөлшері (лимонға қарағанда 4 есе жоғары). Аскорбин қышқылы күшті антиоксидант болып табылады және жасушалардың бос радикалдардың зақымдануын болдырмауға қабілетті, бұл қатерлі ісіктерден қорғаудың маңызды алғышарты.
Құлпынай.
Артық салмақ және әсіресе семіздік сүт безі қатерлі ісігінің дамуына түрткі болатыны белгілі. Құлпынай – ас қорытуды қалыпқа келтіруге көмектесетін негізгі жидек. Сонымен қатар, жаңа піскен жидектер майдың тез жойылуына ықпал етеді.
Шие.
Шие антоциандарға бай. Жидек ішек пен тоқ ішек қатерлі ісігінен қорғайды.
Алайда, жидектерді жегеннен кейін өзін қорғалған деп санауға болмайды және алдын-алудың басқа әдістерін – физикалық белсенділікті, теңдестірілген тамақтануды және қоршаған ортаның қолайсыз факторларынан қорғауды ұмытып кетпеу керек.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары