русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 20.09.2020

№ 2 дилерлік учаске (жоғары сектор) 33100 абонент тұратын аймақты қамтиды.Бұл учаскеге 11,12,13,15 мөлтек аудандары, 16 м/а бөлігі, «Восток» м/а және толығымен «Цемпоселок» қарайды. Одан бөлек, бұл ұйымның қарауына «Шымсити», «Туран», «Нурсат», «Жайлау» және басқа мөлтек аудандары мен қаланың жаңа бөлігі жатады. Бақылаушы-инспекторлар жеке есептеу құралдарының көрсеткіштерін түсіріп, сумен жабдықтау және суды бұру қызметтеріне төлемді бақылау бойынша қызмет көрсетеді. Дилерлік учаскенің басқа да қызметтері бар. «Бізде таратушы жәшіктердегі( жер төлесі мен кіреберіс) су есептегіш тораптарына қызмет көрсетуші пайдалану учаскесі де бар.Қызмет көрсету аумағында 500-ден астам биік үйлер бар.Жеке су есептегіш құралдарын кіреберіске шығару жұмыстары осыдан 20 жыл бұрын басталған.Бұл жұмыстар тек қана тұрғындардың келісуімен ғана жүргізілген.Соңғы кездерде осындай таратушы тораптар үйдің жер төлесінде орналастырылады.Ол жерде оларды суық алмайды.Не үшін шығарылып жатыр? Біріншіден, абоненттердің өз қолайлығы үшін, бақылаушылар келіп мазаламайды.Ал біз, өз кезегімізде, бір барғанда 100%-дық көрсеткіштерді аламыз.Екіншіден,кейде тұрғындар үйде болмай құбыр жарылып кетеді, сондай кездерде көршілері суды жауып, су тасқынының алдын алады.Және де барлық тұрғындардың суын өшіруге себеп жоқ.Егер таратушы торапта су кететін болса біз өз есебімізден ақауды жоямыз.Тек болғаны диспетчерлік қызметке хабар берсеңіз, біз жедел түрде қызмет көрсетеміз» - деп түсіндірді дилерлік учаскесінің бастығы Мақсат Батырханов.
Енді сол дилерлік ұйым жүргізетін жертөлесіне техникалық қызмет көрсету туралы айтатын болсақ- қызмет ақылы, айына бір пәтерден 195 теңге ( жылына-2340 теңге).Келісімшарт ерікті негізінде түзіледі.Техникалық қызмет көрсетудің ерекшілігі неде?
« Техникалық қызмет көрсету туралы біз 61 үймен келісімшарттқа отырдық. Көп қабатты үйлер қорының басым бөлігі әлі совет өкіметі кезінде салынған.Бүгінгі күнде, осы көп қабатты үйлердің жер төлесіндегі коммуникациялар ескіріп қалған. Оларға үнемі жөндеу жұмыстары немесе ауыстыру қажет болып тұрады. Негізгі мәселе – кәріз құбырлары.Келісімшарт аясында біз құбырлардың бітелуін, су кетуін жоямыз,тағы да басқа қажетті жұмыстарды жүргіземіз. Бұл неліктен тұрғындарға тиімді?Құбыр жарылған кезде жеке мамандарды шақырасыз, ол үшін тұрғындардан ақша жинау қиындау түседі.Шақырған жеке мамандардың кейде ол жұмысқа рұқсаты болмайды немесе біліктілігі сәйкес келмейді.Олар өз жұмыстарына кепілдік бере алмайды.Ал біз болсақ, үнемі байланыстамыз және де алған міндеттерімізден ешқайда қашпаймыз.Техникалық қызмет көрсетуге келісімшарт көп қабатты үй тұрғындарының жалпы жиналысының шешімімен түзіледі.Бұл ыңғайлы және қымбат емес!»- дейді Мақсат Батырханов.
Сапалы қызмет көрсетуде үй комитеті төрағаларының орны бөлек. Олармен тіке байланыс жолға қойылды, өзекті мәселелер талқыланатын тоқсан сайынғы жиналыстар өткізіліп тұрады.Осындай кездесулердің арқасына көптеген екі жаққа тиімді шешімдер табылып жатыр. Тұрғындармен осындай байланыс карантин кезінде де көмегін тигізді. «Біз пандемия және жүріп-тұруға тиым салынған кездерде өз бетімен судың көрсеткіштерін жіберіп және уақылы төлем жасап отырған абонентттерімізге алғысымызды айтамыз»- деп дилерлік учаскенің бастығы сөзін қорытындылады. Ұйымда 42 адамнан қалыптасқан татулы ұжым бар.
Сумен жабдықтау қызметтеріне байланысты мәселелер бойынша осы аймақтың тұрғындары мына телефондар арқылы хабарласа алады. 8(7252)57-66-65;+77017417959 (учаске бастығының номері). Кеңсе : Алимбетов көшесі, 191-де орналасқан.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары