Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 21.09.2020
Көптеген кәсіпорын басшыларын кадрлар дайындау және жұмыс істеп жүрген мамандардың біліктілігін арттыру мәселелері алаңдатады. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-де бұл мәселе кеңінен қарастырылған.Көктем кезінде –ақ «Smart-maman»оқу орталығы ашылған, оның толыққанды жұмыс істеуіне пандемия әсерін тигізді.Бірақ, күздің өзінде су арнасының қызметкерлері оқуды бастады.Жыл сайын сумен жабдықтау және суды бұру саласында жаңа технологиялар әзірленіп,енгізіліп жатыр. Сондықтан, оқу орталығының міндетіне тек қана оқыту және біліктілікті арттыру ғана емес, сондай-ақ, әрі қарай өзіміздің жағдайымызға икемдеп басты компаниялардың тәжірибесін үйрену кіреді.
«Жоғарғы оқу орындарын бітірген адамдар негізгі білім алады, бірақ, ол білім жетілдіруді, оларды қолдану ортасын кеңейтуді талап етеді. Оларға үнемі өзгеріп отыратын техникалық нормативтер мен құқық негіздерін, практикалық жағын үйрену қажет.Біздің міндетіміз – сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерін пайдаланумен айналысатын мамандарға заман талабына сай білім беру,бос орындарды толтыру» - дейді «Smart-maman» басшысы Нуриддин Джарболов.
Дәрістертерге талдау жүргізіліп, нақтыланған. Бұл бағытта қомақты жұмыс жүргізілді, қажеті жоқтары алынып тасталды.Жоғары оқу орындарының әдістемесі бойынша берілетін бір қатар классикалық пәндер әзірленді. Жоғары оқу орындарынан ғылыми дәрежесі бар мамандар тартылды. Жалпы айтқанда, оқу орталығының талаптарына сай. Қазірдің өзінде, орталықтың мамандары М.Әуезов университетімен бейіндік факультетінің студенттерін дуалды оқыту бойынша әріптестік қатынастарды орнатып келеді. Индустриалды-техникалық колледжімен бірлесіп жұмыс жасалып жатыр.Қалада сумен жабдықтау және суды бұру саласы мамандарының тапшылығын болдырмау үшін іргелі негіз салынып жатыр. Мұндай мамандықтар әр кезде қажетті болады!
барлық дауыс: 5539
дауыс мұрағаты