Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 23.09.2020
Тұрғындарға қызмет көрсету бөлімнің жұмысы әлбетте күрделі және маңызды. Кәсіби дағдыларынан бөлек қызметкерлер күйзеліске төзімді және кез келген жағдайда дұрыс шешім табуға тиісті.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің көптеген бөлімшелерінің қызметкерлері абоненттермен күнделікті кері байланыста жұмыс жасайды. Абоненттер әр түрлі: біреулері сабырлы, кей біреулері тым беймаз келеді. Кейде мынадаай жағдайлар да орын алады – мәселенің мән-жайын толығымен түсінбей дауыс көтеріп, шу шығарып жібереді. Абонент пен қызметкерлер арасында осындай түсінбеушілік орын алмас үшін «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-де соңғы уақытта, стресстік жағдайдан дұрыс жол табу және мәселені оңды шешуге көмектесетін психологиялық тренингтер өткізіліп тұрады.
«SMART-маман» оқу орталығының психолог-жаттықтырушысы Жанна Бисенқызы, тұрғындармен жұмыс жүргізу бөлімінің қызметкерлеріне бүгін үшінші тренинг жүргізді.
Бұл бөлім күнделікті халықпен жұмыс жүргізеді: қоңыраулар қабылдайды,сұрақтарға жауап береді, проблемалар туындаса кеңес бере отыра, оларды шешеді. Әңгімелесу әр кезде әр түрлі өтеді, сондықтан, оны ушықтырмау үшін осындай тренингтердің маңызы жоғары.
Ал біз, сумен жабдықтау және суды бұру қызметтері жөнінде сұрақтар болса мына телефон: 8 (7252) 321274 арқылы Орталық Диспетчерлік Қызметке хабарласа аласыз деп ескертеміз, сондай-ақ Фэйсбук, Инстаграм әлеуметтік желілерінде бізге жазуларыңызға болады.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты