Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 05.10.2020
Бақылаушылар біліктіліктерін арттыруда
Дилерлік учаскелердің инспектор-бақылаушылары көбінесе халықпен байланыста болады. Сондықтан «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і олардың жұмысының сапасына үлкен көңіл бөледі, өйткені бұл мамандардың жұмысына қарап қаланы ауыз сумен қамтамасыз ететін кәсіпорынның жұмысы бағаланады. Қыркүйек айында бақылаушылардың алғашқы тобы «Smart-Maman» орталығында оқуды бастады.
«Оқыту процесінде бақылаушылар нормативтік құжаттарды, сумен жабдықтау жүйелерін және есептеу құралдарының жұмысын зерттейді. Курсты аяқтағаннан кейін олар тестілеуден өтуі керек, содан кейін ғана сертификаттар алады», - деді «Smart-Maman» оқу орталығының директоры Нұридин Жарболов.
Бірінші инспектор-бақылаушылар тобы 15 адамнан тұрды. Олардың барлығы дайындықтан сәтті өтті. Жалпы, халықпен жұмыс жөніндегі қызметтің тағы 60 маманы биыл біліктілігін арттыруы керек.
«Біздің мекеме қызметтердің сапасын жақсарту бойынша үнемі жұмыс істейді. Арнайы әзірленген бағдарлама шеңберінде инспектор-бақылаушылар біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Бірінші топ сәтті аяқтап, сертификаттарға ие болды. Бұл мамандар тек техникалық дағдылармен ғана емес, психологиялық тренингтерден де өтті», - деді қоғаммен байланыс қызметінің бас инспекторы Салтанат Бөлегенова.
«Smart-Maman» оқу орталығы «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің барлық дерлік бөлімшелерінің мамандарына арналған оқытуды жүргізетінін айтып өтейік. Өз қызметкерлерінің біліктілігін арттыру – кәсіпорынның бірінші кезектегі міндеті. Бұл сумен жабдықтау және су бұру саласындағы қызметтер сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты