Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 06.10.2020
Виртуалды қоғамдық қабылдау өткізілді
Табиғи монополияларды реттеу департаменті әр айдың бірінші сейсенбісінде Facebook-те виртуалды қоғамдық қабылдау өткізеді. Шымкент қаласының тұрғындары монополияға қарсы басқарманың бастығы Дархан Қайнбердиевке монополия субъектілерінің қызметіне қатысты сұрақтар бойынша эфирден хабарласа алады.
Әдетте, бұл тыңдауларға коммуналдық секторда қызмет көрсететін барлық компаниялар, сондай-ақ тұрғын үй басқармасы, «Нұр Отан» партиясы және кәсіпкерлер палатасы өкілдері қатысады. Шағымдар түскен жағдайда мәселелер жедел шешіледі. 6 қазанда шағымдар болған жоқ.
Айтпақшы, монополияға қарсы басқарманың басшысы шағымдардың саны айтарлықтай азайғанын атап өтті. Жыл басынан бері vонополияға қарсы комитетке 187 шағым түскен. Дархан Қайнбердиев өтініштердің азаюын табиғи монополиялар субъектілерінің халықпен жұмысының жақсаруымен байланыстырады.
Басқарма бастығы «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің әлеуметтік желілердегі қызметін ерекше атап өтті және басқа кәсіпорындарға су шаруашылығы мекемесінің тәжірибесін қолдануға кеңес берді.
Естеріңізге сала кетейік, сумен жабдықтауға және ағынды суларды бұруға қатысты проблемалар туындаған жағдайда сіз Instagram және Facebook әлеуметтік желілері, wrm.kz веб-сайты арқылы, сондай-ақ +77019892219; +77057581111 ( ватсап) телефондары арқылы хабарласа аласыз.
барлық дауыс: 5539
дауыс мұрағаты