Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 25.10.2020
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-де үздік инспектор-бақылаушы таңдалды
Байқау инспектор-бақылаушылар үшін нағыз сынаққа айналды. Олар алдын-ала дайындықтан өтті, экскурсияға барды: мұражайды, тазарту қондырғыларын. Сонымен қатар, «Smart-маман» оқу орталығында толық дайындық курсын аяқтады.
Әрбір дилерлік учаске байқауға қатысу үшін өз кандидатын ұсынды. Олардың барлығында дерлік өз мамандықтары бойынша жұмыс тәжірибесі және күнделікті жұмыста қажетті білім қоры бар.
Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды. Қатысушыларға кәсіпорын тарихы туралы әңгімелеуге, инспектор-бақылаушының тікелей жұмысына қатысты теориялық сұрақтарға жауап беруге тура келді. Сонымен қатар планшетпен және абоненттік базамен жұмыс істеу, нормативтік құжаттарға қатысты да сұрақтар болды. Финалда сайыскерлерге ең қиын бөлімге – абонентпен имитациялық әңгімеге қатысуға тура келді. Тұтынушылар ретінде театр әртістері қатысты. Сондықтан бұл психологиялық кезең қызықты әрі пайдалы болып шықты.
Жеңімпаздарды бас директордың орынбасары Жанатбек Тұрдалиев басқарған, құрамында бөлімше басшылары бар беделді қазылар алқасы анықтады. Нәтижесінде барлық үш жүлделі орынды контролер-ханымдар иеленді:
1 орын – Алдекеева Салима
2 орын – Татаринцева Алла
3 орын – Асқарова Гүлнар
Байқау нәтижелері бойынша осы мамандардың жұмыс сапасын жақсарту үшін бірқатар нұсқаулар мен ұсыныстар әзірленеді.
Мекеме сауатты және білікті кадрларды даярлауға үлкен көңіл бөледі. Барлық дерлік құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері «Smart-маман» оқу орталығында оқудан және сертификаттаудан өтеді.
барлық дауыс: 5076
дауыс мұрағаты