Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 08.11.2020
Су арнасы электронды түбіртекке көшуге дайындалып жатыр
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і Whatsapp және Telegram мессенджерлерінде чат-боттарды енгізуге дайындалып жатыр. Бұл қосымшалар 2021 жылдың ақпанынан бастап толықтай жұмыс істей бастайды деп жоспарлануда. Қазір әзірленген бағдарламалар тексеріліп, сынақтан өтіп жатыр.
Тіркелген абоненттер электронды түбіртек ала алады, көрсеткіштерді жібере алады, олардың төлемдер тарихымен таныса алады, сонымен қатар кәсіпорыннан әртүрлі хабарламалар ала алады.
Чат-боттар биыл жұмыс істей бастайды, түбіртектердің қағаз түрінен электронды нұсқаларына толық көшу 2021 жылдың ақпанына жоспарланған. Әрине, қағаз түбіртектер түрлі себептермен цифрлық форматқа ауыса алмайтын абоненттерге жеткізіледі.
Қазіргі кезде дилерлік ұйымдардың инспекторлары абоненттердің телефон базасын толықтыру мақсатында үйме-үй аралап, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Осыған байланысты біз қала тұрғындарынан ұйым өкілдеріне қажетті деректерді беруге түсіністікпен қарауды өтінеміз. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і берілген деректердің құпиялылығы мен қауіпсіздігіне кепілдік береді.
барлық дауыс: 5076
дауыс мұрағаты