Жаңалық - Пайдалы кеңестер
новость от 10.11.2020
Сіз халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс сапасын бағалай аласыз
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы QR кодты қолдана отырып, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс сапасын бағалау жүйесін іске қосты. Қызмет алушылар қызмет көрсету процесі, бөлімнің инфрақұрылымы және қызмет көрсету мәдениеті туралы кері байланыс жасай алады.
339 бөлімнің әрқайсысында келушілер QR коды орнатылған стендтерді таба алады. QR кодтарын оқитын қосымшаны пайдалану арқылы клиенттер бірден смартфондағы сауалнама парағына өте алады. Азаматтар оператордың жұмысына көңілі тола ма, қызмет ыңғайлы болды ма, қажетті ақпаратты алды ма және т.б. туралы айта алады. Сонымен қатар, қызмет алушылар өздері барған бөлімнен фотосурет немесе бейне қосу арқылы тілектер мен пікірлер қалдыра алады. Кері байланыс бөлімдердің жұмысындағы кемшіліктерді анықтауға және оларды тез жоюға көмектеседі деп атап өтілді. Сауалнаманы gov4c.kz мемлекеттік корпорациясының ресми интернет-ресурсында «Кері байланыс» бөлімінде дербес толтыруға болады.
барлық дауыс: 5541
дауыс мұрағаты