Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 19.11.2020
#IQALA жобасы Шымкентте басталады
Цифрландыру бөлімінің басшысы А.Әбдірахманов қала әкіміне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы цифрлық жобаны таныстырды. Оның өзектілігі бүгінгі күні монополистер ұсынатын қызметтер қағаз түрінде өтініш беру арқылы ұсынылатындығына байланысты, бұл бюрократияға, өтінішті қарауға көп уақыт кетуіне алып келеді. IQala жобасы – қалалық сервис орталығы – Нұр-Сұлтан қаласының үлгісі бойынша жасалған.
IQala жобасы қала тұрғындарына портал арқылы қызметтерді онлайн алуға көмектеседі. Бұл жоба тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының қызметтерін «бір терезе» қағидаты бойынша біріктіретін болады. Жеке және заңды тұлғалар үйден шықпай-ақ тапсырыс бере алады, бір қоңырау арқылы бірнеше қызмет алуға мүмкіндік береді. Жоба коммуналдық қызметтердің ашықтығын арттырады.
Жоба аясында коммуналдық қызметтерді алу процедураларын жеңілдету, барлық қызметтерді цифрлық түрде ұсыну, құжаттарды мүмкіндігінше тезірек ұсыну, өтінімнің қаралу деіңгейін бақылау және құжаттарды сақтау күтілуде.
Бірінші кезеңде монополистер ұсынатын 70 қызметті цифрландыру ұсынылды («Оңтүстік Жарық Транзит», «ҚазТранГаз Аймақ», «Су ресурстары-Маркетинг», «ҚуатЖылуОрталығы», қалдықтарды жинайтын компаниялар).
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты