русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 08.12.2020

Виртуалды режимдегі тағы бір қоғамдық қабылдау
Табиғи монополияларды реттеу департаменті (ТМРД) кезекті қоғамдық қабылдау өткізді. Карантинге байланысты ол виртуалды режимде, Facebook әлеуметтік желісінде жүргізілді. Шымкенттегі ТМРД басшысы Д.Қайынбердиев табиғи монополиялар субъектілеріне қатысты шағымдарды қабылдады.
Тұтынушылардан «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не ешқандай шағымдар болған жоқ. Басқа қоғамдық қызметтерді жеткізушілерге қатысты бірқатар шағымдар болды, олардың барлығы бақылауға алынды.
Дархан Қайынбердиев кәсіпорын өкілдерін тұтынушылармен әлеуметтік желілердегі жұмысын күшейтуге, басшыларын өз парақтарын құруға шақырды. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і осы стратегияны бұрыннан ұстанып келе жатқанын және абоненттермен әлеуметтік желілер арқылы жұмыс істейтінін айтып өтейік. Кәсіпорынның бас директоры Анарбек Орманның да Facebook-те жеке аккаунты бар.
Сонымен қатар, ТМРД басшысы келесі қоғамдық қабылдау, мүмкін, кәсіпорындардың бірінде – табиғи монополиялар субъектісінде болатынын айтты. Осы акция барысында қоғамдық қабылдауға қатысушылар тұтынушылармен жұмыс қалай жүргізілетіндігімен көзбен танысады.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары