Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 16.02.2021
Сумен жабдықтау және су бұру қызметтері туралы түбіртекті күтпеу үшін не істеу керек?
Telegram қосымшасын жүктеп, виртуалды көмекші қызметін пайдалануды ұсынамыз.
«Telegram» қосымшасына кіріп, іздеуде wrm_bot теріп, содан кейін, жазылушының тілі мен түрін(заңды немесе жеке тұлға) таңдау керек. Сәйкестендіру үшін, жеке тұлғалар өздерінің жеке шот нөмірлерін (мұны сумен жабдықтау және су бұру бойынша қызметтер үшін бірыңғай төлем құжатынан, тиісті бағаннан табуға болады) және үйдің нөмірін енгізуі керек.
Тіркеуден кейін, пайдаланушыға: ағымдағы қарыз (баланс) туралы ақпарат, мекеме қызметтері үшін, шот-фактураны онлайн төлеу, соңғы төлемдер туралы мәліметтер, есептегіш туралы ақпарат (орнату күні, тексеру уақыты және т.б.), түбіртек, көрсеткіштерді жіберу мүмкіндігі болады (есептеу құралдары пәтерде немесе үйде тұрған абоненттер үшін). Өзінің жеке профилінде иесі жеке деректерін өзгерте алады.
«Виртуалды көмекші» опциясын кәсіпкерлер де қолдана алады. Заңды тұлғалар үшін, тіркеу бірегей келісім-шарт нөмірі арқылы жүзеге асырылады. Тіркелгеннен кейін, пайдаланушы қалдық туралы мәліметтерге және төлем туралы ақпаратқа, өткен есеп айындағы орындалған жұмыс актісіне, ағымдағы жыл кезеңіндегі салыстыру актісіне, келісім-шарт бойынша, төлем үшін шот-фактураға қол жеткізе алады. Заңды тұлғалар да есепке алу құралдарының фотосуреттерін жібере алады.
барлық дауыс: 5076
дауыс мұрағаты