русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 25.02.2021

МЕХАНИКАЛЫҚ ТАЗАЛАУ.
Кәріз желісі қоқыс емес! Өкінішке орай, кейбір қалалықтар кәріз жүйесін басқа мақсаттарға пайдаланады және оған түрлі қоқыстар тастайды. Осыған байланысты суды тазарту жүйесіне үлкен зиян келтірілуі мүмкін.
Қаланың барлық тұрғындары «су бұру» дегеннің не екенін біле бермейді. Бұл термин шамамен «қалалық тазарту құрылыстарының кешеніне, ағынды кәріз суларын қабылдау және ағызу» болып табылады.
Адам өміріндегі қалдықтарды қайта өңдеу - бұл күрделі және көп сатылы процесс. Ол үшін, заманауи жабдықтар, үлкен көлемдегі энергия, білікті кадрлар және қоршаған ортаға сәйкестік қажет. Шымкенттегі тазарту құрылғылары, тек Қазақстанда ғана емес, ТМД-дағы ең озық деп саналады.
Бірінші кезең, механикалық тазалау деп аталады.
Тазарту қондырғысына (ОЖ) жетпес бұрын, ағынды кәріз сулар құбыр арқылы, негізгі коллекторға ағып кетеді. Ол жерден ағын бірінші өңдеу буыны - механикалық тазалауға түседі. Қарапайым тілмен айтқанда, осы кезеңнің басты міндеті - ағынды кәріз сулардан үлкен қалдықтар мен құмды шығару. Ол жерден пластикалық контейнерлер, гигиеналық заттар, ойыншықтар, қатты тұрмыстық қалдықтар және басқалары желіге енеді. Айтпақшы, ерекше назар аударуға тұрарлық «экспонаттар» шыны колбада сақталады.
Өз кезегінде механикалық тазарту үш кезеңге бөлінеді. Біріншісі арнайы бөлмеде өтеді. Ағынды кәріз сулар торлар мен арнайы қоқыс жинауыштар арқылы сүзіледі. Барлығы автоматты түрде жұмыс істейді және адамның араласуын қажет етпейді. Бірақ стандартты емес қалдықтар апаттар мен жабдықтардың бұзылуына әкеледі, бұл жалпы тазарту құрылыстарының жұмысына әсер етеді. Кәсіпорын ұжымы қала тұрғындарынан кәріз жүйесін пайдалану ережелерін сақтауды және қоқысты кәріз желісіне лақтырудан бұрын, салдары туралы ойланғаныңызды сұрайды.
Торлар мен қоқыс жинаушылардан кейін, ағынды кәріз сулары келесі кезеңге, яғни, құм ұстағыштарда жіберіледі. Бұл үлкен бассейндер, олар оттегімен қамтамасыз етіледі, сондықтан, үнемі көпіршік пайда болады. Нәтижесінде құм массасы түбіне шөгеді, содан кейін, арнайы канал арқылы су мен құм бөлінетін сепараторға беріледі. Су радиалды шұңқырға, ал құм бұрандалы лифт арқылы арбаға түседі. Болашақта оны техникалық мақсаттарда пайдалануға болады.
Ал су Вентури (ағынды сулардың шығыны өлшенеді) шұңқыры арқылы, ол тарату ыдысына түседі, содан кейін, ол бастапқы радиалды тұндырғыштарға біркелкі бөлінеді.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары