Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 14.03.2021
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де дилерлік ұйымдар мен кәсіпорын әкімшілігі өкілдерінің кездесуі өтті. Тұтынушылар арасында виртуалды ассистентті (чат-бот) енгізуге байланысты мәселелер талқыланды және виртуалды ассистентпен жұмыс бойынша кезекті тренинг өткізілді.
Бірнеше айдан бері тұтынушылар су жабдықтау және кәріз қызметтері үшін бақылаушыны күтпестен, "Telegram" қосымшасындағы виртуалды көмекші арқылы электрондық түбіртекті ала алады (сілтеме: wrm_bot). Бұдан басқа, жеке кабинетте пайдаланушы жиынтық деректерді, су өлшеуіштің тексеру мерзімін және теңгерімді біле отырып, онлайн төлем жасай алады. Чатботтың қарапайымдылығы мен ыңғайлылығын көптеген азаматтар бағалады.
Кейбір тұтынушылардың тіркелу кезінде сұрақтары туындайды. Олар негізінен үй нөмірін енгізу үшін деректерді растауға қатысты. Естеріңізге сала кетейік, көше атауы мен пәтер нөмірін қамтитын толық мекен-жайды енгізудің қажеті жоқ, тек үй нөмірін енгізсеңіз болғаны. Егер үй нөмірінде қосымша әріп болса, онда әріпті кішкентай шрифтпен жазу керек, мысалы - "10а".
Егер сізде "Telegram" қосымшасында "чат-ботты" тіркеу және пайдалану бойынша сұрақтарыңыз болса (сілтеме: wrm_bot), онда бізге әлеуметтік желілер арқылы немесе "whatsapp" арқылы хабарласуыңызды сұраймыз:+77057581111.
барлық дауыс: 5076
дауыс мұрағаты