русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 31.03.2021

СУ ӨЛШЕГІШТІ ТЕКСЕРУ УАҚЫТЫ. ҚЫЗМЕТ ҚАНША ТҰРАДЫ ЖӘНЕ ОҒАН НЕ КІРЕДІ?
Бізге су өлшеуіш құралдарын тексеруге және оларды ауыстыруға қатысты сұрақтар келіп түседі.
Су өлшеуіш құралдарын тексеру және ауыстыру жұмыс түрімен лицензиясы бар мамандандырылған кәсіпорындар айналысады. Мысалы, осындай кәсіпорындардың бірі "Водомер" ЖШС, су өлшеуіш құралдарын тексеру 4000 теңгеге жүзеге асырылады (өтініш берген жағдайда нақты сома құнын осы ұйымда айтады). Бұл сомаға: жұмыс ақысы, шешіп алу, тексеру, шығын материалдары, сынау үшін судың құны, пломбалау, орнату, әлеуметтік салық және көлік шығындары кіреді. Су өлшеуіш құралдарын тексеру жұмыстары орындалғаннан кейін, арнайы сертификат беріледі және лейбл желімделеді. Су өлшеуіш құралдарын тексеру қызметін көрсету саласына кіретін кез келген басқа да ұйымдар осы процедураны сақтауы тиіс.
Арнайы сертификат ұсынылғаннан кейін, тексеру мерзімдері туралы деректер "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС автоматты басқару жүйелерінің базасына енгізіледі. Назар аударыңыз, дилерлік учаскелердің бақылаушылары және лицензиясы жоқ басқа тұлғалардың тексеру жұмыстарын жүргізуге құқығы жоқ!
"Водомер" ЖШС бағалары бойынша су өлшеуіш құралдарын ауыстыру 9050 теңге тұрады. Бұл сомаға: құрылғының және маман жұмысының құны, көлік шығындары, шешіп алу, орнату, пломбалау, әлеуметтік салық және жалпы әкімшілік шығындар кіреді. Су өлшеуіш құралдарын ауыстыру мерзімі туралы деректер "СРМ" ЖШС АБЖ базасына су өлшеуіш құралдарын орнату актісі ұсынылғаннан кейін енгізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, су өлшеуіш құралдарын тексеру мерзімділігі, су өлшеуіш құралдарын техникалық паспортында көрсетілген, тәжірибе көрсеткендей, ол орташа алғанда 5 жылды құрайды. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС өкілдері абоненттерге тексеру жүргізу немесе суды есепке алу аспабын ауыстыру қажеттілігі туралы хабарлайды. Су өлшегіштермен тікелей жұмыстармен мамандандырылған кәсіпорындардың өкілдері айналысады.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары