русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары

новость от 08.04.2021

ҚАНША КӘСІПКЕР ҚОСЫМША ҚОЛДАУ АЛАДЫ.
Президент жанындағы экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев салықтық ынталандыру және кәсіпкерлердің кредиттері бойынша борыштық жүктемені төмендету бойынша қосымша қолдау шаралары туралы айтып берді.
Әсет Ирғалиевтің айтуынша, ШОБ-ты қолдау үшін, зардап шеккен салалардағы ШОБ субъектілері үшін еңбекақы төлеу қорынан барлық салықтар мен төлемдерді төлеуді кейінге қалдыру енгізіледі. Бұл норма 500 мың кәсіпкерге қатысты болады. Салықтар мен төлемдерді кейінге қалдырудың болжамды сомасы 67 млрд теңгені құрайды.
Сондай-ақ, салықтық және кедендік берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары тоқтатыла тұрады, бұл 374 млрд теңге берешек сомасымен 90 мың бизнес субъектілерін қамтуға мүмкіндік береді. Ұлттық экономика министрлігінің басшысы аталған кейінге қалдыру шаралары 2021 жылғы 1 сәуір мен 1 шілде аралығында әрекет ететінін атап өтті.
"Ілеспе жүкқұжаттар мен электрондық шот-фактураларды ресімдеу бойынша пилоттық жобаны іске асыруды 2021 жылғы 1 шілдеден 1 қазанға ауыстыру қамтамасыз етіледі. "Атамекен" ҰКП және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, экономиканың неғұрлым зардап шеккен секторларында ШОБ кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау кезеңін ұзарту мәселесі пысықталды", - деп толықтырды министр.
Қолдау 6 мыңнан астам ШОБ субъектілерін қамтиды, кредиттік қоржын сомасы 425,5 млрд теңгені құрайды. "Субсидиялау мерзімін 2021 жылдың 1 сәуірінен 1 шілдесіне дейін анықтау ұсынылады. Субсидиялардың бағалау құны 8,8 млрд теңгені құрайды. Жоғарыда аталған барлық қолдау шаралары бойынша қажетті заңнамалық түзетулер әзірленді", - деп түйіндеді ведомство басшысы.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары