Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 05.05.2021
ЖАС МАМАНДАР ТӘЖІРИБЕДЕ.
Кадрлық жетіспеушілік және еңбек нарығында жоғары білікті мамандардың болмауы жұмыс берушілерді мәселені шешудің оңтайлы жолдарын іздеуге мәжбүр етеді. Бұл мәселені "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС екі жолмен шешуде. Бірінші кезекте қызметкерлердің біліктілігін "Smart-Maman" оқу орталығы арқылы арттырады, бір жыл ішінде курстардан 350-ге жуық адам өтеді. Тағы бір тәсілі - студенттік жас кадрларды іріктеу.
"Мен кәсіпорында үш айлық дипломалды тәжірибеден өтіп жатырмын. Өндірістік-техникалық бөлімде жұмыс істеймін. Тәжірибе барысында мен су жинау қондырғыларының жұмысын, суды тазарту әдістерін және оны су құбырлары арқылы таратуды зерттеуім керек. Жалпы, Шымкентті сумен жабдықтау және су бұру туралы барлық қажетті білімді алуым қажет",-деді Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студент-практиканты Жасұлан Тұрсынбек.
«М.Әуезов» атындағы университет пен "ВРМ" ЖШС арасында студенттердің практикадан өтуі туралы Меморандумға қол қойылған. Жас мамандар су тазарту қондырғыларына, өндірістік-техникалық бөлімге, зертханаға, күрделі құрылыс және су жинау бөлімдеріне бөлінеді.
"Біздің кәсіпорын үшін арнайы білімі бар жас мамандар қажет. Практиканттардың арасынан біз тәжірибеден "үздік" өткен шәкірттерді резервке аламыз. Оқуларын бітіргеннен кейін, осы балалар мен қыздарды біздің кәсіпорынға жұмысқа шақырамыз", – деді кадрлар бөлімінің басшысы Раушан Хамитова.
Осы жылы "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де 14 жас маман тәжірибеден өтуде.
барлық дауыс: 5535
дауыс мұрағаты