Жаңалық - Микс
новость от 26.05.2021
ЭЛЕКТРОМОБИЛЬДЕР ҚАЗАҚСТАНДА КӘДЕГЕ ЖАРАТУДАН БОСАТЫЛАДЫ
Қазақстанда электромобильдер 4 маусымда кәдеге жаратудан босатылады. Бұл күні еліміздің экология, геология және табиғи ресурстар министрінің электр көліктеріне, электр автобустарына және электр жүк көліктеріне қатысты кәдеге жарату төлемін есептеу үшін нөлдік коэффициент туралы бұйрығы күшіне енеді.
Электромобильдерге арналған кәдеге жарату алымының мөлшерлемесін нөлге келтіру туралы ұсынысты "ӨКМ Операторы" 2020 жылы ұсынған болатын. Бірлесіп пысықтап, талқылаудан кейін, ағымдағы жылдың 13 мамырында бұйрыққа Экология министрлігінің басшысы қол қойды. Қазақстан Республикасының аумағына электр машиналарын, электр автобустарын немесе электр жүк машиналарын әкелу кезінде кәдеге жарату алымын төлеу талап етілмейді.
Қазақстанда 422 электромобиль тіркелген. Экология министрлігінің пайымдауынша, кәдеге жарату төлемін жою Қазақстанда электравто өндірісін ынталандыруға, сондай-ақ экологиялық таза көлік құралдарын сатып алуға сұранысты арттыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта Нұр-сұлтан және Алматы қалаларында, сондай-ақ Нұр - сұлтан-Бурабай трассасында 103 жүрдек электрмен зарядтау станцияларын орнату аяқталған.
барлық дауыс: 5600
дауыс мұрағаты