Жаңалық - Пайдалы кеңестер
новость от 01.07.2021
СУ-АДАМ АҒЗАСЫНЫҢ ТАЗАРУЫНДАҒЫ ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ
Адам ағзасы 60-80% судан тұрады. Су оның маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, оның жетіспеушілігі ішкі органдардың қалыпты жұмыс істуіне кедергі келтіреді.
Біздің ағзамызда қанша су бар екендігі туралы нақты жауап жоқ. Көрсеткіш жасына және жеке ерекшеліктеріне байланысты. Біздің денеміз неғұрлым жас және жігерлі болса, онда сұйықтық мөлшері соғұрлым көп болады. Кейбір органдардың жұмысының төмендеуімен, ми қызметінің бұзылуымен, қартаюдың жақындауымен судың мөлшері табиғи себептерге байланысты азаяды, бұл ағзаға зиянын тигізеді. Сіз судың жетіспеушілігін, күнделікті тұтыну мөлшерін сақтай отырып толтыра аласыз, яғни әр килограммға 30-40 мл суды тұтынуыңыз қажет. Ауыз судың мөлшері жаздың аптап ыстығына немесе ауырып қалған жағдайда, лактация кезеңіне, тағы басқа да жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін.
Суды қабылдаудың оңтайлы уақыты:
- 1 стақан таңертең аш қарынға
- тамақтанудан жарты сағат бұрын
- тамақтан кейін 2,5 сағаттан кейін
- ұйықтар алдында 1-1, 5 сағат.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты