русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 23.07.2021

ҚЫЗМЕТ САПАСЫ, САУАТТЫЛЫҚ ЖӘНЕ СЫПАЙЫЛЫҚ

Абай ауданының жеке секторындағы үйлерге № 8 дилерлік учаскесі қызмет көрсетеді, қызмет көрсету аймағында 11 мыңға жуық абонент бар. Бұл тұтынушылармен 12 адам жұмыс істейді, оның ішінде басшысы, инженерлер мен инспектор-бақылаушылар. Қызметкерлердің басты міндеті - суды есепке алу құралдарының көрсеткіштерін жазып, тұтынушыларға сумен жабдықтау мен су бұруға қатысты мәселелер бойынша кеңес беру.
"Біз тұтынушыларымыздан келіп түскен барлық өтініштерге жедел жауап береміз, туындаған мәселелерді жедел шешуге тырысамыз. Қазір, біз Telegram қосымшасында чат-ботты енгізумен байланысты түсіндірулерді жүргізіп жатырмыз. Егер, мәселені шешу біздің құзыретімізден тыс болса, онда өтініш "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС абоненттік бөліміне қайта бағытталады. Кез келген жағдайда проблема тұтынушының шешілетін болады", - деп, №8 дилерлік учаскенің басшысы Үсен Асанханов өз жұмысы туралы айтып берді.
Бұл дилерлік ұйымда тәжірибелі инспектор-бақылаушылар жұмыс істейді. Солардың бірі Нұрила Тастемір, жалпы еңбек өтілі - 16 жыл. Қазір бақылаушының жұмысы өзгерді, цифрландыру өз түзетулерін енгізді.
"Бұрын біздің негізгі жұмыс құралдарымыз қалам мен дәптер болатын. Қазір біз планшетпен жұмыс істейміз, көрсеткіштерді тікелей кәсіпорын базасына береміз, бұл өте ыңғайлы. Сонымен қатар, чат-бот белсенді түрде енгізілуде және абоненттер өз көрсеткіштерін жібере алады. Уақыт орнында тұрмайды", - дейді инспектор-бақылаушы Нұрила Тастемір.
Айта кететін жайт, осы дилерлік учаскеде тәлімгерлік институты жұмыс істейді. Жас мамандарға тәжірибелі әріптестер көмектеседі. Еркебұлан Еламанов Әуезов атындағы университетті бітірді. Бақылаушының жұмысы оның еңбек өтілінде бірінші болып табылады.
"Жұмысқа кіріспес бұрын біз "Smart - Maman" оқу орталығында оқу курсынан өттік, бізді инспектор-бақылаушының жұмыс қағидаларымен ғана емес, тұтынушылармен жұмыс істеу қағидаларымен де таныстырды. Яғни, біз үшін көрсетілетін қызметтердің сапасы, сауаттылық пен сыпайылық бірінші орында", - деп бөлісті жас маман.
№ 8 дилерлік учаскенің қызмет көрсету аймағында тұратын абоненттерде сұрақтар туындаған жағдайда ұйым басшысына телефон арқылы қоңырау шалуға болады

+7 708 777 9741.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары