Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 03.08.2021
ВИРТУАЛДЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ, МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ
2021 жылғы 3 тамызда Шымкент қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаменті Facebook-те кезекті виртуалды қоғамдық қабылдау өткізді. Естеріңізге сала кетейік, коммуналдық қызметтердің әрбір тұтынушысы өзінің проблемасы туралы хабарлай алады және іс монополияға қарсы ведомствоның бақылауына алынады.
Виртуалды қоғамдық қабылдауға міндетті түрде қызмет көрсетушілер (газ, жылу, сумен жабдықтау және су бұру, электр энергиясы), қоғамдық ұйымдардың өкілдері (саяси партиялар мен кәсіпкерлер палатасы) және Шымкент қаласы әкімдігінің энергетика және ТКШ басқармасының өкілдері қатысады.
ТМРБД Шымкент қаласы бойынша басшысы Дархан Қайынбердиев ведомствоның жұмысы туралы, атап айтқанда, табиғи газды тасымалдау саласындағы тарифтерді реттеу және "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС тарапынан тарифтерді арттыру туралы айтып берді. Тұтынушылармен жұмыс сапасының артқанын ерекше атап өтті. Барлық коммуналдық қызметтерде чат-боттар пайда болды және абоненттер электрондық түбіртектермен жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Кезекті виртуалды қоғамдық қабылдау кезінде энергетиктердің чат-боты жұмыс істемеді.
Виртуалды қоғамдық қабылдау барысында табиғи газды жеткізушілердің жұмысына қатысты бірқатар сұрақтар түсті. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС қызметіне қатысты өтініштер болған жоқ. Естеріңізге сала кетейік, кәсіпорын қызметіне байланысты проблемалар туындаған жағдайда, сіз бізге әлеуметтік желілер арқылы жүгіне аласыз.
барлық дауыс: 5536
дауыс мұрағаты