русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 09.09.2021

«СУ РЕСУРСТАРЫ-МАРКЕТИНГ» ЖШС-НІҢ ЧАТ-БОТЫНА ТІРКЕЛУГЕ АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА


Чат-бот дегеніміз не және оған қалай тіркелуге болады?

Виртуалды ассистент (чат-бот) "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін жеткізушімен өзара әрекеттесу үшін қажет. Wrm_bot сілтемесі бойынша Telrgram мессенджерінде тіркелу қажет. Тіркелу үшін, Play Маркеттен Telrgram қосымшасын жүктеу керек (егер ол әлі телефонда орнатылмаған болса). Содан кейін, қосымшаның "іздеу" бөліміне өтіп, wrm_bot сілтемесін енгізіңіз. Назар аударыңыз, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС чат-ботының "аватарында" компанияның логотипі бар.
Тіркеуден өту үшін, wrm_bot сілтемесі бойынша өтіп, "start" батырмасын басу керек, содан кейін сізге ақпаратты алуға ыңғайлы тілді, абоненттің түрін (жеке немесе заңды тұлға) таңдап, сумен жабдықтау бойынша жеке шотыңызды енгізуіңіз қажет. Деректерді растау үшін, үй нөмірін енгізіңіз (көше мен пәтер нөмірін көрсетпей).


Жеке шотыңызды қалай білуге болады?

Сіз өзіңіздің сумен жабдықтау және су бұру қызметтері туралы жеке шотыңызды, тұтынылған сумен жабдықтау және су бұру қызметтері туралы хабарлама шотынан (жеке шот 4-5-6 саннан тұрады) немесе дилер учаскеңізден біле аласыз. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-не whatsapp: +77057581111 нөміріне хабарласуға немесе Instagram-да мына сілтеме бойынша жазуға болады: vrmshymkent2018. Нақты мекенжайды (шағын аудан, көше, үй нөмірі) және жылжымайтын мүлік иесінің ТАӘ көрсету қажет.


Чат-бот немен ыңғайлы?

Төлем құжатының (түбіртектің) қағаз нұсқасын күтудің қажеті жоқ. Чат-ботқа кіру арқылы түбіртектің электрондық нұсқасын алуға болады. Төлемдер тарихы бар, қажет болған жағдайда сіз әрқашан тексеру жүргізе аласыз. Егер сіздің су есептегішіңіз үйде болса, сіз көрсеткіштерді чат-бот арқылы жібере аласыз, олар тікелей кәсіпорын базасына түседі. Бұдан басқа, суды есепке алу аспабын тексеру (ауыстыру) мерзімін, төлемнің келіп түсуін және басқаларын білуге болады.


Чат-ботқа тіркеле отырып, Каспийдің банктік қосымшасын пайдалануға бола ма?

Иә, болады. Бұл бағдарлама төлем жасау үшін ыңғайлы және жылдам құрал ретінде өзін дәлелдеді. Чат-бот, ең алдымен, пайдаланылған сумен жабдықтау және су бұру қызметтері үшін сіздің төлемдеріңіз туралы қажетті ақпаратты береді.


Жасына байланысты тұтынушыларда Telrgram қосымшасын қолдайтын ұялы телефон жоқ, не істеу керек?

Чат-ботқа тиісті телефоны бар кез-келген отбасы мүшесі тіркеле алады. Егде жастағы туыстарына көмек көрсеткен жөн, бұл олардың сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін жеткізушімен қарым-қатынасын ыңғайлы және жылдам етеді.


Чат-ботты пайдаланудан бас тартқан жағдайда қағаз түбіртектер жеткізіле ме?

Ия, жеткізіледі. Біз тұтынушыларымыздың белгілі бір бөлігі жасына және тиісті телефондардың болмауына байланысты, виртуалды ассистенттің қызметтерін пайдалана алмайтындығын түсінеміз. Сонымен бірге, мұндай абоненттердің балалары мен немерелері оларға қарапайым қосымшаны жүктеуге және оған тіркелуге көмектеседі деп үміттенеміз.


Тағы бір маңызды аспект! Біздің кәсіпорын экологиялық жағдайды жақсартуды қолдайды. Әр түбіртек-бұл бір реттік қағаз. Тұтынушыларымыздың арқасында біз қағаз тасымалдағышты пайдалануды тоқтатамыз, яғни қымбат целлюлозаны сақтаймыз. Ал сіздің үйлеріңізде қажетсіз құжаттар аз болады.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары