Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 16.09.2021
«ОТЫРАР» ТЕЛЕАРНАСЫНДА «СУ РЕСУРСТАРЫ-МАРКЕТИНГ» ЖШС ӨКІЛДЕРІ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРГЕ ШЫҚТЫ
Баяндаманың басты тақырыбы "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-інде өндірістік процестерді цифрландыру және чат-ботты енгізу болды. Бұл туралы көрермендерге кәсіпорын бас директорының орынбасары Жанатбек Тұрдалиев пен автоматты басқару жүйелері бөлімінің басшысы Нұралы Бекбаев айтып берді.
Кәсіпорын өз қызметінде цифрлық технологияларды белсенді қолданады. Мысалы, орталық диспетчерлік қызмет толықтай дерлік автоматтандырылған. Резервуарлардың толтырылуы, авариялық-қалпына келтіру бригадаларының қозғалысы, жүйедегі су қысымы бақыланады және реттеледі. Олардың жүргізілген жұмыстары сонымен қатар, арнайы мобильді қосымшада бақыланады, бұл жұмысты орындауға және өтінішке реакция уақытын едәуір жылдамдатуға мүмкіндік берді. Барлық жалпы үйлік, жалпы кварталдық және жалпы көшелік есептегіш құралдары, деректерді тікелей кәсіпорын базасына жіберетін таратушы құрылғылармен жабдықталған. Ақылды есептегіштер белсенді енгізілуде.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-і, Шымкентте Telegram мессенджерінде виртуалды ассистент (чат-бот) жұмысын іске қосқан алғашқы кәсіпорын. Чат-боттың арқасында абоненттер электрондық төлем құжатын ала алады, төлемдер тарихымен танысады, айғақтарды жібереді және төлем жасай алады. Қазір, бұл ыңғайлы қосымшаны сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін жүз мыңнан астам тұтынушы пайдалануда.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС өкілдері телекөрермендер мен әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан түскен бірқатар сұрақтарға жауап берді. Тағы айта кететін жайт, жақын арада біз ай сайын кәсіпорынның әлеуметтік желілердегі аккаунттарында тікелей эфирлер ұйымдастырып, шымкенттіктердің өзекті сұрақтарына жауап беретін боламыз.
барлық дауыс: 5075
дауыс мұрағаты