Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 26.09.2021
ШЫМКЕНТТЕ ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫ ҚАШАН АШЫЛАТЫНЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ
Д.Қонаев даңғылындағы жол қиылысының жалпы ұзындығы — 1 030 м, ал Т. Рысқұлов көшесіндегі жол қиылысының жалпы ұзындығы - 684,7 м. Ал жолдың ені-45 метр. Объект құрылысының мердігері "Базис Констракшн" ЖШС. Нысанның құрылысы кесте бойынша жүргізілуде. Д.Қонаев даңғылы қазан айының басында, Т. Рысқұлов көшесі қараша айында ашылады.
Бүгінгі күні инженерлік жұмыстар аяқталды, Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшесінде 800 метр асфальт төселді, 20 арқалық жол өтпесі орнатылды.
Қазан айының басында Қонаев даңғылындағы тоннель арқылы жол қозғалысын ашу жоспарлануда. Жобаға сәйкес, Байтұрсынов көшесінен Дулати көшесіне дейін Рысқұлов жолы кеңейтіліп, жол жабыны жаңартылады.
Қазіргі уақытта, көпір өткелінің құрылысына және жол жабынының орнатылуына байланысты, Рысқұлов көшесі бойымен Байтұрсынов көшесінен Дулати көшесіне дейін қозғалыс толығымен шектелген.
барлық дауыс: 5688
дауыс мұрағаты