Жаңалық - Микс
новость от 03.10.2021
ҚАЗАҚСТАН МЕН СИНГАПУР ЖАҢА ҚАЛА ТҰРҒЫЗАДЫ
Жаңа қала - G4 City, Алматы - Қапшағай трассасының бойында орналасатын болады және төрт ауданнан тұрады: Gate District – іскерлік және қаржы орталығы, Golden District – білім беру және медициналық хаб, Growing District – өнеркәсіптік және логистикалық хаб, Green District – туризм және ойын-сауық. G4 City-ге арнайы экономикалық аймақ мәртебесі беріледі. Халықаралық әуежай және Сингапурмен тікелей әуе қатынасын ашу жоспарлануда. Қала Орталық Азияның жаңа экономикалық хабына айналады және Қазақстан экономикасына шетелдік инвестициялардың одан әрі өсуіне елеулі серпін береді деп күтілуде. 2050 жылға қарай мегаполис аумағында 2,2 млн адам тұрып, 1 млн-нан астам жұмыс орны қамтамасыз етіледі.
Қазіргі уақытта, Gate District-те магистральдық инженерлік желілер жүргізілген, "Қоянқұс" тұрғын ауданының құрылысы жүріп жатыр, 3,5 жыл ішінде кемінде 300 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр. G4 City девелопментін сингапурлық Surbana JURONG Group мемлекеттік компаниясы жүзеге асыратын болады. Бұл қалалар мен инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша Азиядағы ең ірі корпорациялардың бірі.
Тұсаукесер қорытындысы бойынша, Caspian Group АҚ қазақстандық компаниясы мен Surbana Jurong Group арасында G4 City жобасын іске асыруда одан әрі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
барлық дауыс: 5532
дауыс мұрағаты