Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 01.11.2021
САПАСЫЗ АУЫЗ СУҒА КҮДІК – НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Бірінші кезекте, абонент осындай факті туралы "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС орталық диспетчерлік қызметіне хабарлауы қажет. Сіздің өтініміңіз міндетті түрде тіркеледі. Осыдан кейін, хабарлама аудандық су арнасының бөлімшесіне жіберіледі. Мамандар проблемалық аймақты тексеруге шығады, содан кейін су құбыры желісі жуылады.
Жолай, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС зертханасының мамандары жуу жұмыстарына дейін және жуу жұмыстарынан кейін, проблемалық учаскеден суды зерттеу және талдау жүргізу үшін, сынамалар алады.
Ауыз судың сапасына байланысты проблемалар туындаған жағдайда, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС орталық диспетчерлік қызметіне: +77081102121; 321 274 телефондары арқылы хабарласуыңызға немесе Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарға жазуыңызға болады. Сонымен қатар, +77057581111 Whatsapp нөміріне жазып, қоңырау шалуыңызға болады.
барлық дауыс: 5074
дауыс мұрағаты