русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 10.11.2021

ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРМЕН ЖҰМЫС БӨЛІМІ

Күн сайын таңертең "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС заңды тұлғалармен жұмыс бөлімінің қызметкерлері үшін планеркадан басталады. Бөлім басшысы - Ибраимова Азиза Әйтімбетқызы, инспекторлар мен инженерлердің алдына бір күнге мақсаттар мен міндеттер қойып, маңызды мәселелер мен сұрақтар талқыланады. Әсіресе, тұтынушылардың өтініштеріне байланысты жұмыс ерекше бақылауда. Күн сайын бөлімге орта есеппен 20 абонент барады.
"Негізінен, тұтынушылар өзара есеп айырысуды салыстыру актісі, орындалған жұмыс актісі, төлем шоты немесе смарт-есептегіштердің теңгерімін толтыру үшін, ал кейбір жағдайларда қызмет көрсетуге келісім-шарт жасауға немесе бұзуға келеді",– деді бөлім басшысы.
Бірақ, уақытты кетірместен, бәрін қашықтан жасауға болады. Қазір кәсіпорын белсенді түрде Телеграмм мессенджерінде жаңа сервис – чат-ботты іске қосуда. Оған заңды тұлғалар да тіркеле алады, ол үшін тек келісім-шарттың нөмірі мен кәсіпорынның БСН ғана қажет. Тұтынушы – заңды тұлғаларға тіркелгеннен кейін, көптеген опциялар қол жетімді болады.
"Сайтты пайдалана отырып, тек бетпе-бет қана емес, сырттай, қашықтықтан да wrm.kz, WhatsApp, Telegram чат-боты арқылы хабарласуға болады. Егер абонент тіркелген болса, ол төлем шотынан бастап салыстыру актісіне дейін кез келген ақпаратты ала алады. Бұл деректердің барлығы чат-ботта", - деді Азиза Ибраимова.
Коммуналдық инфрақұрылымды цифрландыру - өте маңызды және стратегиялық мәселе. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында бұл тақырыпты бекер қозғаған жоқ.
"Көптен бері бұл сұрақтың шешімімен айналысамыз. Бізде 8 400 есептеу құралының 800 – ге жуығы көрсеткіштерді қашықтықтан алатын болса, 3400 данасы - ақылды, яғни, смарт - есептегіштер (суды есепке алудың карточкалық аспаптары), қалғандары - жоғары метрологиялық дәлдік сыныбы "с"есептеу аспаптары, - деп түсіндірді Азиза Ибраимова.
Бөлім алдына 2022 жылға келесі міндеттер қойылды: қалған 4000 абонентті көрсеткіштерді қашықтықтан алатын есептеу құралдарымен қамтамасыз ету.


«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары