русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 02.02.2022

ТҰРАН-2 ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

        ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу департаментіне Шымкент қаласы бойынша Тұран-2 шағын ауданындағы 16а үйінің екі тұрғынынан өтініштер келіп түсті. Осы мәліметтерді тексеру және түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін, үй тұрғындарымен дилерлік учаскенің басшысы Мақсат Батырханов кездесті.
        Үй 2021 жылдың қараша айында пайдалануға берілді. Кейін жаңа тұрғындар қоныстана бастады. Алайда, олардың барлығы "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-мен сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін ұсынуға шарт жасасқан жоқ. Қазіргі уақытта, дилерлік учаскенің мәліметтері бойынша, 64 пәтердің тек 20-сы ғана қоныстандырылған. Жаңа қоныстанушыларға ыңғайлы болуы үшін, сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне шарттар жасасу рәсімін жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесі (сату-сатып алу келісім-шарты, иесінің жеке куәлігі, egov.kz порталынан жеке меншік құқығына үзінді-көшірме) бар ақпарат подъезд қабырғаларына ілінген, сондай-ақ дилерлік учаскенің мекенжайы және инспектор-бақылаушының байланыстары көрсетілген.
        Сумен жабдықтау және су бұру қызметтері үшін жоғары шоттарға шағымдар, тұрғындар қоныстанған сәттен бастап, яғни 2-3 айда тұтынылған соманы есептегендіктен туындады. Жеке суды есепке алудың құралы подъездерде болады, олардың көрсеткіштері пломбаланған, түбіртектердегі деректерге сәйкес келеді.
"Бізде ауыз сумен проблемалар жоқ, есептегіштер орнатылған, бәрі көрініп тұр. Сұрақтар бізде жылу энергиясы үшін төлемдер тудырады", - деді 16а үйінің тұрғындарының бірі.
        Естеріңізге сала кетейік, жаңа үйге орналасу кезінде жаңа қоныстанушылар 10 күн ішінде сумен жабдықтау ұйымына келісім-шарт жасасу және жеке шот ашу үшін жүгінуі керек. Пәтерді қабылдау кезінде, сіз жаңа пәтердің ішкі желілеріне және орнатылған су есептегішінің көрсеткіштеріне назар аударуыңыз керек.
        "Біз сізден шарт жасасу үшін қажетті құжаттарды дайындауды сұраймыз. Осыдан кейін, бұл туралы ақпаратты жалпы үйдегі чатқа тастаңыз, біздің инспектор-бақылаушы келіп, келісім-шарт жасасады, содан кейін сіз өзіңіздің жеке шотыңызды аласыз, кәсіпорынның чат - ботына тіркеліп, төлем құжаттарын ала аласыз", - деді Тұран-2 шағын ауданының 16а үйінің тұрғындарына Мақсат Батырханов.
        Егер сізде сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне қатысты сұрақтарыңыз болса, әлеуметтік желілердегі "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС аккаунттарына хабарласуды немесе whatsapp арқылы жазуды сұраймыз: +77057581111.


«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары