Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 08.02.2022
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІНЕ ДЕН ҚОЮ ШАРАЛАРЫ
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС бас директоры Анарбек Орманның "Отырар" телеарнасындағы тікелей эфирінде, тұтынушылардан сумен жабдықтау және су бұру проблемалары бойынша бірқатар өтініштер келіп түсті. Кәсіпорын басшылығы олардың жедел шешімін бақылауға алды.
Өтініштердің бірі кәріз желілерін күрделі жөндеуден өткізгеннен кейін, Желтоқсан көшесіндегі жол жабынын қалпына келтіруге қатысты болды. Жұмыс асфальт шығаратын зауыт іске қосылғаннан кейін бірден орындалады. Осы факті бойынша тұрғындармен кездесу өткізілді, түсініктемелер берілді.
Сондай-ақ, ауыз су сапасына қатысты екі өтініш келіп түсті. Мысалы, М.Мәметова көшесінің тұрғыны осындай мәселемен жүгінді. Аталған мекен-жай бойынша, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС зертханасының қызметкерлері талдау жүргізу үшін су сынамаларын алды. Нәтижелер 11 ақпанда ұсынылады. Судың сапасына Әлімбетов көшесінен шағым түсті. Абай аудандық су арнасының қызметкерлері тексеру жүргізді, көше су өлшеуішінің сүзгілерінен ешқандай шөгінділер табылған жоқ. Сумен жабдықтау жүйелері жуылып, тазаланды.
Қағаз түбіртектерін жеткізуге қатысты өтініштер де келіп түсті. Telegram қосымшасының чат-ботында тіркелмеген тұтынушыларға (сілтеме: wrm_bot) төлем құжатын дилерлік учаскелердің өкілдері жеткізетінін хабарлаймыз. Егер абоненттің қарызы болмаса, немесе алдын-ала төлем болса, түбіртек келмеуі мүмкін.
Сумен жабдықтауға және су бұруға байланысты проблемалар туындаған жағдайда, тұтынушылар +77081102121, 8 (7252) 32-12-74 телефондары бойынша "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС орталық диспетчерлік кәсіпорнына (су құбыры және кәріз желілерін пайдалану және авариялар мәселелері бойынша) хабарласа алады. Басқа сұрақтар бойынша кәсіпорынның әлеуметтік желілердегі аккаунттарына немесе +77057581111 whatsapp нөмірі арқылы жазуларыңызға болады.
барлық дауыс: 5535
дауыс мұрағаты