русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 01.03.2022

ВИРТУАЛДЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

         1 наурызда ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен кезекті виртуалды қоғамдық қабылдау өтті. Коммуналдық қызметтердің тұтынушылары Департаменттің «Facebook» әлеуметтік желісіндегі аккаунтында өз сұрақтарын қоя алды.
          Виртуалды қоғамдық қабылдауға коммуналдық қызметтерді жеткізушілер, қоғамдық және саяси ұйымдардың өкілдері қатысты, іс-шараның модераторы ретінде, монополияға қарсы департаменттің басшысы Дархан Қайынбердиев болды.
          Қоғамдық қабылдауда бірқатар коммуналдық қызметтерге қатысты қиыншылықтарды бастан кешірген Тұран-2 шағын ауданы тұрғындарының өтініштері талқыланды, соның ішінде сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне ақы төлеуге қатысты мәселелер де айтылды. Аталған факті бойынша, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС әкімшілігі тарапынан тұрғындармен кездесулер және түсіндіру жұмыстары жүргізілген болатын. Қазіргі уақытта, дилерлік учаскенің бастығы мен инспектор-бақылаушы тұрғындарымен тұрақты байланыста.
          Монополияға қарсы ведомствоның басшысы коммуналдық қызметтерді жеткізушілерді әлеуметтік желілердегі қызметтерін күшейтуге, түсіндіру және талдау жұмыстарын жүргізуге тағы да шақырды. Сондай-ақ, тұтынылған қызметтер үшін өзара есеп айырысуда ыңғайлы болу үшін, чат-боттарды енгізу бойынша жұмысты күшейтуді ұсынды. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС абоненттерінің 60%-ы «Telegram» мессенджерінде виртуалды ассистентті, яғни, чат-ботты белсенді пайдаланады (сілтеме: wrm_bot). Тағы айта кететін жайт, Дархан Қайынбердиев "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің абоненттерге ыңғайлы болуы үшін, цифрландыру саласындағы жұмысын жоғары бағалады.
          "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС қызметіне қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, сіздер кәсіпорынның «Facebook» және «Instagram» әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарына хабарласа аласыз, сондай-ақ, төмендегі «Whatsapp» нөміріне жаза аласыздар: +77057581111.


«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары