Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 05.04.2022
ТҰТЫНУШЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ КҮШЕЙТУ
Сәуір айының 5 жұлдызында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен кезекті виртуалды қоғамдық қабылдау өтті. Коммуналдық қызметтерді тұтынушылар «Facebook» әлеуметтік желісіндегі Департамент аккаунтында өз сұрақтарын қоя алды.
Виртуалды қоғамдық қабылдауға коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің, қоғамдық және саяси ұйымдардың өкілдері қатысты. Іс-шараның модераторы монополияға қарсы департаменттің басшысы Дархан Қайынбердиев болды.
Монополияға қарсы ведомствоның басшысы коммуналдық қызметтерді жеткізушілерді әлеуметтік желілердегі қызметті күшейтуге, түсіндіру және талдау жұмыстарын жүргізуге тағы да шақырды. Сондай-ақ, тұтынушыларға жеткізушілермен тұтынылған қызметтер үшін өзара есеп айырысуда ыңғайлы болу үшін, чат-боттарды енгізу бойынша жұмысты күшейтуді ұсынды.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС абоненттерінің 60%-ы «Telegram» мессенджеріндегі чат-бот виртуалды ассистентін белсенді пайдаланады (сілтеме: wrm_bot). Инспектор-бақылаушылармен жұмысқа ерекше көңіл бөлу, бұл олардың коммуникабельділігі мен кәсібилігін арттыру. ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының Шымкент қаласы бойынша барлық айтылған ескертулерін "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС басшылығы ерекше бақылауға алды. Кемшіліктерді жою үшін шаралар қабылданатын болады.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС қызметіне қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, Сіздер кәсіпорынның «Facebook» және «Instagram» әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарына хабарласа аласыздар, сондай-ақ, мына «Whatsapp» нөміріне жаза аласыздар: +77057581111.
барлық дауыс: 5074
дауыс мұрағаты