Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 07.04.2022
"СУ РЕСУРСТАРЫ-МАРКЕТИНГ" ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ АНАРБЕК ОРМАН ШӘКІРТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Кәсіпорын жас кадрларды даярлау және іріктеу курсын берік қабылдады. Осы мақсатта "Smart-маман" оқу орталығы Шымкент қаласының жоғары және орта оқу орындарымен бірқатар келісім-шарттар жасасты. Соңғы курстардың оқушылары "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС өндірістік алаңдарында практикадан өтіп, одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС бірінші басшысымен кездесуге ОҚМУ және индустриялық-техникалық колледж шәкірттері келді. Анарбек Оңғарұлы жастарға сумен қамтамасыз етудің жаһандық мәселелері туралы айтып, қазақстандық салада көшбасшы болып саналатын кәсіпорынның қызметіне егжей-тегжейлі тоқталды. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де сумен жабдықтау және су бұру саласының жаңа технологиялары белсенді енгізілуде, сонымен қатар, өндірістік процестерді цифрландыру жүргізілуде. Кәсіпорын жас және болашағы зор қызметкерлерді, яғни, өз өмірін маңызды міндетке – халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге арнағысы келетіндерді қажет етеді. Бүгінгі күні кәсіпорын, оқу күні аяқталғаннан соң, жастарға жұмыс орындарын беруге дайын.
Шәкірттерге сумен жабдықтау және су бұрудың барлық өндірістік циклдері көрсетілді, сонымен қатар, олар "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің мұражайында болды. Олардың көпшілігі қарапайым кранның ашылуының артында қандай үлкен жұмыс тұрғанын білмеген.
"Мен «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не келгеніме өте қуаныштымын. Бұл жерде біз көптеген құрал-жабдықтармен, сонымен қатар, өндірістік процестердің цифрландыруымен таныстық. Және болашақта мен осы кәсіпорында еңбек еткім келеді", - деді, колледж түлегі Шыңғысхан Ниязбеков өз әсерімен бөлісе.
"Бұл балалар - техникалық колледждің түлектері. Бүгін біз меморандум жасасуымыз керек, олар осы жерде практикадан өтеді, содан кейін біз оларды "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-не жұмысқа орналастырамыз деп үміттенеміз", - деп, бөлісті Индустриялық-Техникалық колледждің оқытушысы Нұрғали Ботаев.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің бас директоры Анарбек Орман бөлімшелер мен бөлімдер басшыларының ішкі жиналысында тиісті мамандықтары бар жоғары оқу орындары мен орта оқу орындарының шәкірттері мен түлектерін жұмысқа қабылдау бойынша қажетті қолайлы алгоритмдерді құруды тапсырды.
барлық дауыс: 5081
дауыс мұрағаты