Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 03.05.2022
МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТ ВИРТУАЛДЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ЖАЛҒАСТЫРУДА
3 мамырда ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен кезекті виртуалды қоғамдық қабылдау өтті. Коммуналдық қызметтерді тұтынушылар Facebook әлеуметтік желісіндегі Департамент аккаунтында өз сұрақтарын қоя алды.
Виртуалды қоғамдық қабылдауға коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің, қоғамдық және саяси ұйымдардың өкілдері қатысты, іс-шараның модераторы монополияға қарсы департаменттің басшысы Дархан Қайынбердиев болды.
Монополияға қарсы ведомствоның басшысы коммуналдық қызметтерді жеткізушілерді әлеуметтік желілердегі қызметті күшейтуге, түсіндіру және талдау жұмыстарын жүргізуге шақырды. Сондай-ақ тұтынушыларға жеткізушілермен тұтынылған қызметтер үшін өзара есеп айырысуда ыңғайлы болу үшін чат-боттарды енгізу бойынша жұмысты күшейтуді ұсынды. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС тұтынушыларының 60%-ы Telegram мессенджерінде виртуалды ассистентті (чат-ботты) белсенді пайдаланады (сілтеме: wrm_bot).
Қоғамдық қабылдау өткізу барысында, тұтынушыларға төмендегі бірнеше өзекті сұрақтар бойынша түсініктемелер берілді: төлем құжатын қайдан алуға болады (сумен жабдықтау қызметтері үшін түбіртекті Telegram мессенджеріндегі чат-боттан мына сілтеме бойынша жүктеуге болады: wrm_bot); түбіртектер қай күнге дейін таратылады (сумен жабдықтау және су бұру қызметтері үшін төлем құжаттары арнайы кесте бойынша әр айдың 25-не дейін жеткізіледі)?
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС қызметіне қатысты басқа сұрақтар туындаған жағдайда, Сіздер кәсіпорынның Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарына хабарласа аласыздар, сондай-ақ, + 77057581111 Whatsapp нөміріне жазуларыңызға болады.
барлық дауыс: 5074
дауыс мұрағаты