русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 11.05.2022

"СУ РЕСУРСТАРЫ-МАРКЕТИНГ" ЖШС-ДЕ ПРОЦЕСТЕРДІ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАЛҒАСУДА

           "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де өндірістік процестер мен сервистік қызметтерді цифрландыруға жауапты кәсіпорын қызметкерлерінің қалалық әкімдік өкілдерімен кездесуі өтті. Бұл кәсіпорынның деректерін geo-shym.kz порталына біріктіру туралы болды, бұл тұтынушыларға қашықтықтан сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне қосылуға техникалық шарттар алуға мүмкіндік береді.
            Сонымен қатар, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС тұтынушыларына ыңғайлы болу үшін, бірқатар шешімдер енгізілді. Бір жылға жуық уақыт болды, тұтынушылар бақылаушыларды күтпей, Телеграм мессенджеріндегі wrm_bot виртуалды көмекші арқылы электрондық түбіртектерді ала алады. Бұл чат-ботта төлем құжатын жүктеуден басқа ағымдағы теңгерімді, суды есепке алу құралын тексеру мерзімдерін білуге, төлем жүргізуге болады.
           Тағы бір цифрлық жаңалық туралы айта кетсек. Енді жылжымайтын мүліктің жаңа иесіне жеке-шотты қайта ресімдеу және "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-мен сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне шартты қайта жасасу үшін, кәсіпорынның дилерлік учаскесіне немесе басқармасына барудың қажеті жоқ. Барлығын wrm.kz сайтында қашықтықтан жасауға болады (суреттегі Нұсқаулық), бастысы ЭЦҚ болуы.
           Тұтынылған қызметтер үшін есептеу мен төлеуге байланысты проблемаларды шешу үшін, дилерлік ұйымға немесе "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің Халықпен жұмыс істеу қызметіне жүгінудің қажеті жоқ. Сіздердің өтініштеріңіз Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі кәсіпорынның аккаунттары арқылы қабылданады. Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімнің менеджерлері туындаған мәселелерді тез шешуге көмектеседі. +7 705 758 1111 Whatsapp нөміріне қоңырау шалып, жазуларыңызға болады.
           Уақыттарыңызды үнемдеңіздер!


«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары