Жаңалық - Микс
новость от 15.05.2022
ҒАЛЫМДАР МЕХАНИКАЛЫҚ АҒАШТАРДЫ ОЙЛАП ТАПТЫ
Аризона университетінің зерттеушілері көмірқышқыл газын жинайтын механикалық ағаштарды ойлап тапты. Олар табиғи ағаштарға қарағанда мың есе тиімді. Бұл ағаштар әрқайсысының диаметрі шамамен 1,5 м болатын дискілердің биік тік бағандарынан тұрады. Бағандар химиялық шайырмен жабылған. Шайыр ауадан көмірқышқыл газы оның бетіне түскен кезде өзіне тартып алып жинайды. Толтырғаннан кейін дискілер ыдысқа түседі. Механикалық ағаштардың табиғи ағаштардан айырмашылығы көмірқышқыл газын оттегіге айналдырмайды, керісінше сақтайды.
Болашақта ірі үш механикалық ағаштар фермасын құру жоспарлануда. Біріншісі Аризонада ашылуы керек. Барлық үш ферма іске қосылғаннан кейін, олар күніне 1000 тонна көмірқышқыл газын сіңіре алады, бұл әлемдік көміртегі балансын өзгертудегі маңызды қадам болады.
барлық дауыс: 5532
дауыс мұрағаты