Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 02.08.2022
ВИРТУАЛДЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ
2022 жылы 2 тамызда Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті тұтынушылардың виртуалды қабылдауын өткізді. Шымкент қаласының тұрғындары Департаменттің Facebook әлеуметтік желісіндегі аккаунтында коммуналдық салаға қатысты өз сұрақтарын қоя алды.
Іс-шараға коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің, қоғамдық және саяси ұйымдардың өкілдері қатысты, монополияға қарсы департаменттің монополияға қарсы және бағаларды реттеу бөлімінің басшысы Айгүл Шолпанова модератор болды.
Қоғамдық қабылдау өткізу барысында тұтынушыларға коммуналдық қызмет саласына қатысты бірнеше өзекті мәселелер, соның ішінде пайдалану, есептелген төлемдер және көрсетілген қызмет үшін төлем мәселелері бойынша түсініктемелер берілді. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС атына Самал-1 шағын ауданы, Бакиева көшесінің тұрғындарынан өтініш келіп түсті. Тұтынушылар жалпы көшелік шығындар үшін ақы есептелетінін хабарлады. Кәсіпорын тұрғындарымен жұмыс жүргізу қызметі аталған көше тұрғындары жеке су құбыры желісін пайдаланатынын түсіндірді. Яғни, желі тұрғындардың ортақ меншігі болып табылады және олар оның техникалық жарамдылығы үшін жауап береді. Бұл жағдайда есептеулер жеке су өлшегіштер мен суды есептеудің жалпы көшелік аспабы көрсеткіштерінің ақысы арасындағы айырмашылық үшін жүргізілді.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС қызметіне қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, кәсіпорынның Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарына хабарласуды, сондай-ақ Whatsapp-қа жазуды сұраймыз: +77057581111.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.9%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.7%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.8%
БАҚ
14.2%
Басқа
15.9%
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты