Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 09.08.2022
АБОНЕНТ ЖЕЛІСІНДЕ ЖАСЫРЫН СУ ШЫҒЫНЫ. НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Жасырын су шығыны фактісі анықталған жағдайда, кәсіпорынның орталық диспетчерлік қызметіне өтінім қалдыру қажет (алайда, тұтынушы басқа лицензияланған ұйымдарға жүгінуге құқылы), телефон:+77081102121(whatsapp). Өтінімді ресімдегеннен кейін мамандар тексеру жүргізеді және алдағы жөндеудің сметалық құнын ұсынады. Бұл көптеген көрсеткіштерге, құбырдың тереңдігіне, төсемге, құбыр жасалған материалға және т. б. байланысты.
Егер абонент ұсынылған талаптармен келіссе, шарт жасалады, ал жұмыс аяқталғаннан кейін тиісті актілерге қол қойылады және төлем құжаттары беріледі. Барлық жұмыстар заңды негізде орындалады.
Егер пайдалану учаскелерінің немесе аудандық су арналарының өкілдері Сізге жоғарыда көрсетілген құжаттарды ұсынбаса, тұтынушы шаралар қабылдау үшін "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС басшылығына жүгінуге құқылы.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.9%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.3%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.8%
барлық дауыс: 5074
дауыс мұрағаты