Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 06.09.2022
Тікелей байланыстағы қоғамдық қабылдау жұмысты жүйелейді
Ұлттық экономика министрлігінің Шымкент қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі департаменті ай сайын өткізетін қоғамдық қабылдау – тұтынушы мен коммуналды қызмет ұсынушы компаниялар байланысын нығайтудың бір жолы. Фейсбук әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде кезекті кездесу өтті.
Әдеттегідей, тікелей байланысқа қаладағы коммуналды қызмет көрсетуші компаниялардың жауаптылары, Шымкент қаласы әкімдігінің энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, тұтынушылар шықты. Тікелей эфирді Депатртаменттің басшы орынбасары Айгүл Әлібекова жүргізді.
Модератор қатысушыларға алдымен коммуналды қызметтің тарифтік саясаты мен табиғи монополияларды реттеу, бақылау жұмысы бойынша мағлұматтар берді. Сондай-ақ, тұтынушылар тарапынан коммуналды қызметті тұтыну барысындағы кейбір тұстарға қатысты сұрақтарына жауап берді. Айгүл Әлібекова қызмет ұсынушы мекемелерге әлеуметтік желі арқылы тұтынушыларға ақпарат беруді және қызмет көрсетуді барынша цифрландыру жүйесіне өткізу қажеттігін айтты.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС тұтынушылармен кері байланыс орнату мен әр сауалды қарастыру жағына мұқият қарайды. Әдеттегідей, бұл жолғы тікелей эфирдегі кездесуге жеке тұлғалармен жұмыс істеу бөлімінің мамандары, заңды тұлғалармен жұмыс бөлімінің инспекторлары және Орталық диспетчерлік қызмет жетекшілері мен қоғаммен байланыс департаментінің менеджерлері қатысты.
Сондықтан, әр сұрақ маңызды, оны қарастыруға мекеме мамандары дайын. Сіздің тарапыңыздан «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің мамандарына, қызмет көрсету барысына қатысты сауалдарыңыз болса, ФБ, Инстаграмм әлеуметтік желілеріндегі аккаунттар арқылы байланысқа шығыңыздар. Сонымен бірге, Whatsapp желісіне де сұрағыңызды жаза аласыз. Нөмірі: +7705 758 11 11. Ал сумен қамту және кәріз жүйесіне қатысты проблемалар туындап, ақаулар бойынша орталық диспетчерлік қызметке хабарласыңыз. Нөмірі келесі: +77081102121 (Whatsapp); 8(7252) 321-274.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.9%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.3%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.8%
барлық дауыс: 5074
дауыс мұрағаты