Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 12.10.2022
Бірлесіп істелген жұмыс нәтиже береді Тұрғындарды ауыз сумен қамту және кәріз жүйесі бойынша қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС және қалалық "Су құбыры мен кәріз жүйесін басқару" Мемлекеттік Коммуналды мекемесінің мамандары дөңгелек үстел басына жиналды. Естеріңізге сала кетейік, қаланың жаңа шағын аудандарында және Шымкент аумағына қосылған елдімекендерде су құбыры және кәріз желілері осы қалалық МКМ құзырында. Яғни, бұл мекеме су мен кәріз ағындарының тасымалына, желілерді пайдалану және жөндеу жұмыстарына жауап береді. Ал, ауыз суды тұтынушыға жеткізуші "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-гі. Сондықтан, халықты сумен қамту және шайынды суды бұру қызметін сапалы көрсету қос мекеме өзара тығыз байланыста жұмыс істеуі маңызды. Кездесу барысында саладағы өзекті мәселелер талқыланды, авариялық жағдайлар туралы хабарламаларға ден қою, суды техникалық себептерге байланысты өшіру немесе жоспарлы, авариялы жағдайларға байланысты тұтынушыларды желіден уақытша ажырату туралы хабардар етуді жүйелеу және сапалы әрекет ету алгоритмі әзірленді. Проблемалы мәселелерге дер кезінде көңіл бөлу, оны шұғыл шешуге мүмкіндік беретін құжат жобасы дайындалды.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.9%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.7%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.8%
БАҚ
14.2%
Басқа
15.9%
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты