Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 27.10.2022
Сұрақ қойыңыз, жауап береміз!
Тұрғындарды сумен қамту және шайынды суды бұру қызметі бойынша тұтынушылармен кері байланыс орнату - "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің күнделікті жұмысының бірі. Мекеменің қоғаммен байланыс бөлімі менеджерлері әр айдың соңғы бейсенбісінде Facebook әлеуметтік желісіндегі аккаунты арқылы тікелей эфирде байланысқа шығады. Біз тұтынушылардың кәсіпорын қызметіне қатысты барлық сұрақтарына жауап береміз.
Қазан айында тікелей эфирде қоғаммен байланыс бөлімінің менеджерлері әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді. Оның ішінде, "Каспи қосымшасы арқылы төленген берешек бірден есептен шығарылмайды?", "Су беру қандай жағдайларда тоқтатылады?", "Су құбырларында ақау пайда болып, көп мөлшерде су аққан кезде не істеу керек?" және басқа да сұрақтар бар. Тікелей эфирдің толық нұсқасын кәсіпорынның Facebook әлеуметтік желісіндегі аккаунтынан көре аласыздар.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС Шымкент тұрғындарынан телефон байланысы, электронды пошта, әлеуметтік желі және Whatsapp арқылы түсетін барлық өтініш, сауалдарын жіті қарастырады. Әрбір жәйт бойынша тұтынушымен кері байланыс орнатылады, түсініктеме беріледі немесе туындаған мәселені шешу үшін тиісті шара қабылданады.
Сіз қоғаммен байланыс бөліміне келесі нөмір арқылы хабарласа аласыз:
+7-705-758-11-11 (Whatsapp), электронды пошта мекенжайы: smi@wrm.kz. Сонымен қатар, Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі ашық аккаунттарымызға жаза аласыз. Су құбыры мен кәріз желілерінде проблемалар туындаса, +7-708-110-21-21(Whatsapp) нөмірі арқылы "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС орталық диспетчерлік қызметіне хабарласуыңыз керек.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.9%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.3%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.9%
барлық дауыс: 5080
дауыс мұрағаты