русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 30.10.2022

Жастармен кездесу: тұрғын үй мәселесі және кәсіби біліктігін арттыру жолдары 

 Қазіргі таңда әр ұжымдағы жас мамандардың әлеуметтік картасын түзу және кәсіби біліктігін арттыру мәселелері өте өзекті. Осыны негізге алған «Су ресурстары-маркетинг» ЖШС-нің басшылығы жауапты сала мамандары мен мекемеде еңбек ететін жастардың кездесуін ұйымдастырды. Тақырыбы: «Тұрғын үй бойынша жас отбасыларға, жастарға арналған бағдарламалар. Тәжірибе үшін қажетті оқу курстары; Мемлекеттік гранттар». Анарбек Орман «Су ресурстары-маркетинг» ЖШС Бас директоры Бүгінде кәсіпорында және оған қарасты бөлімдер мен шағын мекемелерде 200-ден астам жас мамандар жұмыс істейді. Олардың көбін баспана мәселесі толғандырады. Жастар жағы кездесуге арнайы шақырылған «Отбасыбанк» менеджерлерінен мемлекеттік бағдарламалар бойынша жастарға арналған қандай баспана түрлері қарастырылатынын сұрады. Депозитте бізде 50 пайызға жететін ақша жоқ. Мысалы, 1-2 миллион төңірегінде ғана. Біз қайсысына қатыса аламызӘсел БИЖАНОВА «ОТБАСЫ банк» кеңесшісі Мұндай кездесулер жиі өткізілсе. Жас мамандардың тілегі осы. Себебі, қазіргі кезде Тұрғын үй мәселесіне қатысты сауалдар тым көп. Оның үстіне, ең өзекті баспанаға қатысты жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар жоқтың қасы. Жеке құрылыс компанияларының ұсынатын бағасы олардың қалтасына, жалақысына мүлдем сай келмейді. Жұмыс істейтін жастарға 5 жылға жалға берілетін пәтерлер бойынша ақпараттың аздығынан уақтылы құжат тапсыру мүмкін болмағаны көп айтылды. Ал құжат тапсырғандары тиісті балл жинағанымен, конкурстан өте алмағанын айтады. Келер жылы жалға берілетін пәтерлерге конкурс өткізіле ме, жоқ па – әзірге белгісіз. Бірақ оның шарттары жас мамандарға тағы бір түсіндірілді. Бақтыбай ӘЛІПОВ Amanat партиясы «Оңтүстік су» филиалының атқарушы хатшысы Ел Үкіметі 14-тен 35 жасқа дейінгі азаматтарды жастар санатына енгізу бойынша ұсынысты Парламент қарауына ұсынып, бұл мәселеге жақында нүкте қойылуы тиіс. Ондай жағдайда, жас отбасылардың қатары әлдеқайда артатыны заңды. Мәселелердің де көбейетіні де даусыз. Сондықтан, келесі басқосуларда қарастырылатын тақырыптар басқа да тұстарды қамтитыны айдан анық.
 

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары