Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 02.11.2022
Тұтынушылармен кері байланысты орнату – жұмыс сапасын арттыруға негіз.
Тұтынушылармен кері байланысты орнатып, жүйелеу мақсатында және көрсетілетін қызмет сапасын арттыру үшін "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС өкілдері ай сайын "Отырар"телеарнасының тікелей эфирі арқылы сұқбат береді. "Халық және билік" бағдарламасында кәсіпорын мамандары тұтынушылардың ауыз су және кәріз жүйелеріне қатысты сұрақтарына жауап береді.
31 Қазан күнгі тікелей эфирде тұтынушылардан 10 арыз-өтініш түсті. Олардың барлығы тіркелді. Көтерілген мәселелердің арасында - су құбыры желілерін пайдалануға, атап айтқанда су қысымының төмендігіне байланысты, сонымен қатар, Ынтымақ шағынауданындағы ұңғымалардың қақпақтарын ұрлауға қатысты сауалдар болды. Барлық сұрақтар бойынша тәулік ішінде шаралар қабылданды. Жауапты мамандар әр мекенжай бойынша тұрғындармен хабарласып, мәселенің мән-жайын анықтады. Кейбір сауалдар Шымкент қаласы әкімдігінің энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының "Су құбыры және кәріз басқармасы" МКК-ның әріптестеріне жолданды.
Сұрақтардың арасында сумен қамту және су бұру, яғни кәріз қызметі үшін төлемақыға қатыстысы да болды. Ол бойынша тікелей эфир арқылы түсініктеме берілді. Екі жағдай бойынша абоненттер тұратын мекен-жайларға қызмет көрсететін дилерлік компания өкілдерінің өздері барды.
Өтініштердің бірі кәріз желілеріне қатысты. Диваев көшесінің тұрғыны көршілері кәріз жүйесіне заңсыз қосылды деп мәлімдеген-ді. Алайда, тексерген кезде, бұл факт расталмады.
Егер сіздің де "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС қызметіне қатысты сұрақтарыңыз болса, оларды Instagram және Facebook әлеуметтік желілері арқылы да жолдай аласыз, сондай-ақ Whatsapp-қа жазуға болады: +77057581111. Кәсіпорынның диспетчерлік қызметінің телефоны: 77081102121 (Whatsapp).
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.9%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.7%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.8%
БАҚ
14.2%
Басқа
15.9%
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты