Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 24.01.2023
2022 жылдың қазан
айында «СРМ» ЖШС басшысы А. Орман және Шымкент қаласы Білім басқармасының
басшысы Ж. Тажиева бірлесе жұмыс істеу, нақтырағы, салаға қажетті техникалық мамандарды
даярлау, оқыту, кәсіптік бағдарлау, жұмысқа орналастыру бойынша екі жақты меморандумға
қол қойған еді. Сол құжаттың қағаз жүзінде қалмай, жүзеге асуы үшін кәсіпорын
басшылығы қаланың орта арнаулы оқу орындары – колледждердің жетекшілерімен
кездесті. Мақсат біреу – су және кәріз жүйесінің білікті мамандарын даярлау
және кәсіпорынға жұмысқа тарту.
Анарбек Орман
Меморандумның
талаптарын орындауға жауапты «Смарт-маман» оқу орталығы. Орталық басшысы кәсіптік-техникалық
білім ошақтарымен тікелей жұмыс істеу барысында бірқатар күрделіліктер
анықталғанын алға тартты. Ол, негізінен колледждерге қойылатын талаптар:
зертхананың, қосымша оқу ғимаратының болуы және СЭС талаптары.
Бізде лаборатория жоқ. Лицензия алу қиын.
Айтолқын Қаратаева «Индустриалды-техникалық колледжі» МКҚК
директорының орынбасары
Өте жақсы ұсыныс. Жекеменшік колледждермен келісімге
тұрсақ.до 1.03
Самат Төлегенов
Техникалық колледжінің директор орынбасары
Сонымен екі тарап,
шешімге келді. Су және кәріз жүйесінің шебері мамандығы бойынша кадр даярлауды
жекеменшік колледждер міндетіне алып, оқытады. Ал оларды өндірістік практикадан
өткізу, кәсіби даярлау және еңбекпен қамту мекеменің құзырында. Ал құжаттар
бойынша Білім басқармасы, оқу орындары мен кәсіпорын бірлесіп жұмыс істейді.
Алдағы жаңа оқу жылына бұл келісім нәтижесін беруі керек.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты